Истории

Жүктілікті құпия ұстау? Оп-оңай!

Мен әртүрлі жағымды күтпеген нәрселерді ойлап тапқанды жақсы көремін. Оларды алғанды да ұнатамын. Әрине – сөз жақсы және мейірімді күтпеген нәрселер туралы. Менде жақсы жаңалықтар болған әрбір ретте менің сол сәтте олармен бөліскім келіп кетед

21.08.2015, 15:01
Изменено: 14.12.2023, 23:07

Мен әртүрлі жағымды күтпеген нәрселерді ойлап тапқанды жақсы көремін. Оларды алғанды да ұнатамын. Әрине – сөз жақсы және мейірімді күтпеген нәрселер туралы. Менде жақсы жаңалықтар болған әрбір ретте менің сол сәтте олармен бөліскім келіп кетеді. Сондықтан өзімнің жүкті екендігімді білген сәтте бүкіл әлемге өзімнің қуанышымды хабарлай алатын сәтті әзер-мәзер күте алғандығым таң қаларлық жайт емес!

Ал менің достарым болса өзгеше. Олар «өздерінің» жаңалықтарын бөгде адамдардан және тіптен жақындарынан құпия ұстағанды жақсы көреді. Бұл олардың қолынан қалай келетінін білмеймін.

Бір құрбым, мысалға, өзінің жүкті екендігін күйеуіне өзі білгеннен соң 2 аптадан кейін айтып берді. Ал содан соң олар күйеуі екеуі мұны, қарыны сыртқа домаланып шығып, мен мұндалап тұрғанша, тағы 5 ай құпия ұстап келді.

Жақында мен өзім үнемі керек-жарағымды сатып алып жүрген дүкендегі сатушының жүкті екендігін – құрсағы біліне бастағандығын байқап қалдым.  Мен оны құттықтап жатырмын. Ал ол болса, өзінің жүкті емес екендігін айтып, үрейлене жауап қайтарды. Бірақ оның құрсағы жүктіліктің 3-4 айында екендігін көрсетіп тұрды. Өзінің жағдайын менен әрі қарай қалай жасыратын болады – мен тіптен білмеймін де)

Өздеріңіз түсініп отырғандарыңыздай, бірінші жүктілігім туралы бір минут да үндемей қала алмадым. Әрине, екінші жүктілікпен де дәл осындай оқиға болды. Мен сәл болғанда мұны твиттерге жазып та жібере жаздадым. Құдайға шүкір, күйеуім де ырымшыл емес, менің «құпияны ұстай алмауымды» байсалды қабылдайды.

Енді міне, үшінші жүктілігім!)) Әрі сіздер сенбессіздер де! Мен бір сағат бойына аузымды ашқан жоқпын. Ешкімге ләм-мим деп айтпадым. Жымиып жүрмін, әрі мұны апта бойына құпия сақтауға тырысып көремін!

Мен Украинаданмын. Міне, мені танымайтын әлдекімге жазуға шешім қабылдап, қазақ сайтын таңдап алдым. Сіздер мұны жариялаған кезде – мен әлі де бақытымның құпиясын сақтап жүретін боламын деп сенемін.

Тек қана бүгін мамама лақ еткізіп бар сырымды ақтарып тастамасам болғаны, ал кейін, ол кеткеннен кейін, күйеуіммен жеңілірек болады. Жай ғана жұмбақ әйел болып қаламын – бәлкім, ойластырғаным болып та қалар. Тсссссс.....

Pandaland Image

Menu
×