Истории

Менің көп күткен жүктілігім

Мен Пандаланд сайтын инстаграмм әлеуметтік желісінен, мақала тақырыбы қызықтырғаннан соң, оқып, таныстым. Аналар, әйелдер, келіндер өз тәжірибемен бөлісіп жатқаннан кейін, әйел болғаннан соң, тұрақты оқырманға айналдым. Қазіргі таңда, елімізде&
Менің көп күткен жүктілігім
Мен Пандаланд сайтын инстаграмм әлеуметтік желісінен, мақала тақырыбы қызықтырғаннан соң, оқып, таныстым. Аналар, әйелдер, келіндер өз тәжірибемен бөлісіп жатқаннан кейін, әйел болғаннан соң, тұрақты оқырманға айналдым. Қазіргі таңда, елімізде&
Менің көп күткен жүктілігім
Мен Пандаланд сайтын инстаграмм әлеуметтік желісінен, мақала тақырыбы қызықтырғаннан соң, оқып, таныстым. Аналар, әйелдер, келіндер өз тәжірибемен бөлісіп жатқаннан кейін, әйел болғаннан соң, тұрақты оқырманға айналдым. Қазіргі таңда, елімізде&
04.05.2016, 06:09
Изменено: 14.03.2024, 06:28

Мен Пандаланд сайтын инстаграмм әлеуметтік желісінен, мақала тақырыбы қызықтырғаннан соң, оқып, таныстым. Аналар, әйелдер, келіндер өз тәжірибемен бөлісіп жатқаннан кейін, әйел болғаннан соң, тұрақты оқырманға айналдым. Қазіргі таңда, елімізде  көп  әйелдер үшін бала көтере алмау - үлкен мәселе болды ғой, соларға  бір септігім тиіп қалар деген ниетпен осы мақаланы көптен бері жазғым келген еді, сәті енді түскен екен...

Менің жасөспірім кезімнен бастап, қыздардың айлық келетін белгісі - бірде келсе, енді бірде келмей қалатын. Тіпті, бес айға дейін де созылатын кездері де болған. Әрине, маманның көмегіне жүгініп, түрлі дәрілер қабылдадым. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін екі ай жүктіліктің белгісі білінбегендіктен, мен жедел түрде гинекологқа аттандым. Денсаулығымда кінәрат болса, ертерек ем алудың қамын жасайын деген ойым... Дәрігер тексерді, (несеп, қан) түрлі зерттеулерден соң, бәрі дұрыс деген қорытындыға келді. Өзіме ғана аты есімнен шығыпты, бір дәрі жазды. Соны ішіп жүрдім.

Бір қызығы, мен ғажайыпқа өте сенгіш адаммын. Сондықтан, үйде өзімнің гарнитурымның ішіне баланың суретін іліп қойдым. Астына «Алла тағала, рақымыңыздан үміттіміз!» деп жазып қойдым. Сол суретке күнде таңертең ұйқымнан тұра сала, қарап, күліп, бақытты болып, бетінен сүйіп,  екі алақанымды жайып, шын ниетіммен сұрайтынмын.

Сенбі, жексенбі күндері, үйде адам болмай қалғанда, ішіме жастық салып (шағын жастық), өзімше екіқабаттар сияқты сезініп, сол күйі үйдің тірліктерін жасап жүрдім. Айнаға қарап, Алладан дәл осындай жағдай орын алуын тілеп, жүрдім.  Психологияда бар ғой, «Если ты можешь это представить – ты можешь этому добиться»!

Менің үнемі айлық белгім кешігіп келетін. Ал мен шыдамсыздана тест сатып ала беретінмін. Екі жолақты күткеніммен, үнемі бір ғана жолақ болатын. Мұндай сәтте еңсем түсіп, үмітім сейіліп, көңіл хошым болмай қалатын. Бір күні ой келді. Тестімді алып, екі жолақты өзім сызып қойдым. Оған үзбей күнде қарайтынмын. Тест жасаған сәтте де бір жолақ болса, екі жолақты тестімді қарап, ішімнен жаратқанға рахмет айтатынмын. Өйткені, Алла өзі жақсырақ болу үшін осылай болып жатыр деп айтады ғой....

Гинекологқа тағы барып едім, жолдасым екеумізге «йодофул» деген дәрі, өзіме де дәрі-дәрмек тағайындады.  Айлар өтіп жатты. Бір күні айдың ортасы болғанын, әлі етеккірімнің келмегені ойыма келді. Сонда да тест алмаймын деп шештім, әбден көңілім қалса керек.  Сол күні кешке қонақтар кеткеннен соң, үстелді көтеріп, бұрышқа қойып,  үй жинастырғанмын. Ертесіне етеккірім көрінді. Жыладым бұл жолы. Содан сол күні сәл ғана көрінгенімен ертесіне жоқ. Дәрігеріме хабарласып, сұрап едім, ертең қабылдауыма кел деді. Түнімен қызық түстер көрдім, гинекологдың қабылдау уақытынан қалып қойған сияқты түстер көріп шықтым. Таңертең барып, УЗД – ға түсіп, екіқабат екендігім анықталды. Қуанышым қойныма симай, екі езуім жинай алмай небір керемет әсерлер болды. Жолдасыма хабарласып айттым. Ол да қуанып, «сені қатты қатты сүйемін» деп қояды....

                                                                                                   Ақерке Кеңес

Menu
×