05.11.2019 04:36

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПТАР

Қазақстандық «Фолиант» баспасынан оқуға кеңес берілетін кітаптар тізімі: 

 

1. Қазақ ертегілері

Жас ерекшелігі: 3+

 Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

 

2. Алма ағашы гүлдегенде

Жас ерекшелігі: 6+

Эла есімді қыздың басынан өткен оқиғасы негізінде балаларға: дұрыс тілек тілеу керектігін, қырсық мінездің алысқа апармайтынын, табиғатты аялау керектігін, өз денсаулығына жауапты болудың маңыздылығын, ата-ананың тілін алған баланың жаман болмайтынын баяндайды.

 

3. Арман керек адамға 

Жас ерекшелігі: 6+

Арман адамды алға жетелейді, күш сыйлайды. Бірі көк аспанды бағындырған ұшқыш болғысы келсе, бірі әлемді кезген саяхатшы болуды армандайды. Ал осы арманға жету үшін аянбай еңбек етуге, табандылық пен төзімділік танытуға тура келеді. Сонда ғана арманыңа қол жеткізесің.

 

4. Су тамшысының әлемді аралауы 

Жас ерекшелігі: 6+

Кішкентай су тамшысының бірде бу болып әуеге қалықтағаны, бірде жауын боп жерге жауғаны, ал енді бірде қар мен мұзға айналғаны жайлы қызықты ертегі. Балаларға судың күйі жайлы түсіндіруге қолайлы.

 

5. Кәрі аюлар ағашқа өрмелей алмайды 

Жас ерекшелігі: 3+

Ертегі ата мен әженің немереге деген махаббатын көрсетеді.

 

6. Шатақ қыздың шатпақ күнделігі

Жас ерекшелігі: 6+

Кітап достық жайлы, өзіңді-өзің қолға алып, жақсы жаққа өзгеру жайлы әңгіме. Дәлірек айтсақ, «шатақ қыз» Бүштің шимай-шимай жазуға толы күнделігі.

 

7. Қабағы тұнжыр балақай 

Жас ерекшелігі: 6+

Қашан көрсең қабағы тұнжырап жүретін Мәрт есімді балақай және достары жайлы ертегі.

 

8. Пиноккио  

Жас ерекшелігі: 3+

Классикаға айналған ертегі жаңа суреттермен безендірілген.

 

9. Алпамыс батыр

Жас ерекшелігі: 12+

«Алпамыс батыр» жырының қара сөзбен баяндалып, көркем безендірілген бұл нұсқасы жас ұрпақтың ойын ұштап, қиялын қанаттандыратын кезекті рухани олжасы боларына күмән жоқ.

 

10. Қарға мен Тотықұс

Жас ерекшелігі: 3+

Қызықты оқиғаның мәтіні үш деңгейге бөлінген – бірінші оқу жылында оқуға дағдылануды игеруден бастап өз бетінше сенімді оқуға дейін. Әдемі суреттермен безендірілген кітапта қызықты деректер өте көп. Балалардың өз бетінше оқуына және үлкендердің көмегімен оқуына болады.

 

 

 

 

Поделиться