21.04.2021 18:43

Бала үй тапсырмасын орындағысы келмейді: мүмкін себептердің әрқайсысы бойынша мәселені қалай шешуге болады

Балалардың барлығы дерлік сабақтан кейін үйге келгенде үй тапсырмаларын орындауға құлықсыз.

Бұл қалыпты жағдай, өйткені балалар кітапқа үңілгенді емес, ойнағанды, көңіл көтеруді қалайды. Негізі көп жағдайда баланы сабаққа көп қиындық пен күш жұмсамай отырғызуға болады.

Бірақ кейде бала үй тапсырмасын үзілді-кесілді орындағысы келмейтін жағдайлар болады. Ондай кезде ата-аналар дабыл қағуы керек. Бұл мінез-құлықтың себептері әртүрлі болуы мүмкін, олардың бірнешеуі бар. Осы әр жағдайда не істеу керек? Соны талқылайық.

 

Материалды дұрыс түсінбеу

Ешкім де мүлде түсінбеген нәрсені істегісі келмейді. Барлық балалар сыныптағы ақпаратты лезде толық қабылдай бермейді. Бала мұғалімнің айтқанын немесе жалпы тақырыпты түсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда ол үй тапсырмасын орындағысы келмейді.

Мұндай жағдайда сіз баланың орнына үй жұмысын жасауыңызға болмады, жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алмау керексіз. Ата-аналар үйде балаға материалды тыныштықта, оны алаңдататын нәрселер болмаған жерде түсіндіру керек. Егер бала бірінші рет түсінбесе, сіз айқайға баспаңыз. Материал түсінікті болғанша қайта-қайта сабырмен түсіндіру маңызды.

Төмен баға алып қалудан қорқу

Ата-аналардың көпшілігі балаларын нашар баға үшін ұрысады. Бұл балалардың инициативті болудан, өз бетімен бірдеңе жасаудан, сабаққа дайындалудан, мектепте жауап беруден қорқатындығына әкеледі. Олар өздеріне, өз қабілеттеріне деген сенімділікті жоғалтады.

Бұған жол бермеу үшін ата-аналар балаға жаман баға қойғанда ашуланбауы керек, өздерін ұстауы керек. Балаға сіз не болған жағдайда да оны құрметтейтінін, алған бағалары қанағаттандырарлық болмаған кезде де жақсы көретініңізді көрсету маңызды. Бұл қорқынышты жояды, баланың оқуға деген құштарлығын қайтарады.

Ата-аналардың немқұрайлығы

Баласының болашағы туралы ойлайтындығын түсіндіріп, көп жұмыс жасайтын ата-аналар бар. Бірақ олар оның қазіргі кездегі сезімі туралы ойланбайды. Бала анасы мен әкесінің оған мән бермейтінін, оны елемейтінін көреді. Бұған жауап ретінде ол ата-анасының немқұрайлығы үшін кек алу үшін үй тапсырмаларын елемей бастауы мүмкін.

Бұған жол бермеу үшін ата-аналар баламен ашық сөйлесуі керек, оған жағдайды түсіндіруі керек. Осы жағдайдан шығу жолын бірге іздеу, ымыраға келу маңызды. Баламен сөйлесу үшін де бұндай ата-аналарға бір уақыт бөлуі қажет. Бала өзін жақсы көретінін көргенде, ол міндетті түрде оқуды бастайды.

Шектен тыс өзіне-өзінің сенімділігі

Оқу оңай бағынатын балалар бар. Олар бәрін лезде түсінеді, мұғалімнің айтқанын бірден ұғып алады. Олар тақтада жауап береді, бақылау тесттерін әрдайым жақсы жазады. Уақыт өте келе олар өздеріне әбден сенімді болып алады, сол сәтте қырағылықты жоғалтуы мүмкін. Материал қиын болған кезде мұндай бала оны түсінуді қояды, оның оқу үлгерімі төмендей бастайды.

Мұндай балаға үй тапсырмасын орындауға деген ықыласты қайтару үшін ата-аналарға мұқият болу керек. Егер анасы мен әкесі баланың босаңсыған сәтін жіберіп алмай, оны оқулықтарға дер кезінде отырғызса, сонда сабақтарда қиындықтар тумайды.

Сыныптан тыс жұмыстары

Қазір барлық мектеп оқушылары секцияларға, үйірмелерге барады. Кейде балалар бір нәрсені қатты ұнатады, олар өздерінің бүкіл уақыттарын хоббиге, спорттың кез-келген түрімен айналысуға арнай бастайды. Бір сәтте бала бүкіл өмірін өзіне ұнайтын нәрсеге, мысалы, спортқа арнаймын деп шешуі мүмкін. Оған сабақ, мектептегі жұмыс оның мансаптық жетістігіне әсер етпейтін сияқты көрінеді.

Ата-аналар бала үшін сабақ, оқу бірінші кезекте тұруы керек екенін ұмытпағаны жөн. Баланың білім алуына ештеңе кедергі болмауы керек. Балада тек талант қана емес, сонымен қатар сол биде немесе спортта жүзеге асырылатын перспективалар бар екендігі анық болған кезде ғана оқу екінші деңгейге жіберілуі мүмкін. Әйтпесе, оқушы мұның бәрімен оқудан бос уақытта арналысуы керек.

 

 

Егер ата-ана баланың оқудан бас тартуының, үй тапсырмасын орындағысы келмейтінінің себебін тапса, онда олар қажетті шараларды қолдана алады. Бұл баланың нашар оқушы болып, ары қарайғы өмірде болашағы мен мүмкіндігі жоқ тұлға болуына жол бермейді.

 

Сурет: unsplash.com

Поделиться