21.11.2022 09:21

Бала күтуші таңдауда қандай мәселеге мән беру керек?!

Бала күтуші таңдауда қандай мәселеге мән беру керек?!

XXI ғасырда көп ата-ана баласына толыққанды көңіл бөліп үлгермейді. Күйбең тіршіліктің әсерінен белсенді өмірге қайта оралу, жұмысқа шығу қажеттілігі, баланы қараудағы қиындықтар және тағы басқа мәселелердің әсерінен бала күтушіге мұқтаждық артып тұр. Бала күтушіні таңдаудағы қағидалар мен бала күтуші маманның кеңестерімен бөлісеміз.

Бала күтуші қалай іздеймін?

Бұл процессті бастамас бұрын өзіңіз іштей дайын болуыңыз керек. Балаңызды бөтен адамға қалдыруға, үйіңізді толығымен сеніп тапсыруға дайын екеніңізге көз жеткізіңіз. Бала күтуші келе сала бірден жұмысқа шығып кетудің қажеті жоқ. Алдымен бір немесе екі айдай уақыт бөліп, бір-біріңіздің өмір сүру салтыңызға үйренісіп алыңыздар. Себебі басқа үйде жақсы жұмыс істеген бала күтуші, сіздің өмір салтыңызға сәйкес келмеуі мүмкін.

Таныстарыңыздан сұрастырып көріңіз

Егер жұмысыңыз 3-4 сағаттық шаруа болса, балаңызға қарап көмектесетін қосымша адам ретінде бала күтуші іздеңіз. Ең алдымен бала қарауға ниетті туысқандарыңыздың арасынан сұрастырып немесе көршілеріңізді қарастырып көріңіз. Бұл сенімді әрі қалтаңызға көп шығын келтірмейтін жолы.

Агенттіктен шақырылған маман

Егер сіз үлкен қалада, обылыс орталықтарында тұрсаңыз, талаптарыңызға сай әрі тексерілген маманды арнайы агенттіктен табуға болады. Олар сіздің балаңыздың жасына, қажеттіліктеріне байланысты бала күтуші таңдап жібереді. Бұндай жағдайда нақты келісілген жұмыс уақыты болады. Сонмен қатар, ескеретін жағдай сіз бала күтушіге және агенттіктің өзіне ақы төлейсіз.

Агенттіктен бала күтуші таңдау кезінде ескеретін кеңестер қатарымен бөлісеміз:

Құжаттарын тексеріп, жұмыс уақытын ақылдасу

Бала күтушіні таңдағанда құжаттарына және жұмыс тәжірбиесіне мән беріңіз. Құжаттардан бөлек, медициналық кітапты және наркологиялық және психикалық диспансерлерден анықтамаларды сұраңыз. Өзіңіз сенетін дәрігерлерге емтихан тапсыруын сұраңыз. Бұл тексеру үшін сізге ақы төлеу қажет болуы мүмкін, бірақ бұл сіздің жан тыныштығыңыз бен нәрестенің қауіпсіздігі үшін қажет.

Жатын орыны берілетін күтуші. Тәулік бойы сізбен бірге болатын күтуші қаласаңыз, оған жасалатын жағдай да артады. Яғни күтушіге жатын орынын дайындап, тамақтануын қамтамасыз етесіз. Кейбір ата-аналар қонақ бөлмесін немесе жеке бөлме ұсынады. Сәйкесінше маманға қойлатын талаптары да көп. Ол үнемі баланы бақылап отырады және қалауына қарай үй жұмыстарына да көмектесуі мүмкін. Бұл нұсқаға тұрмыс құрмаған немесе егде жастағы әйел адамдарды алған дұрыс. Олардың демалыс уақыты аптасына 1 немес 2 күн.

Тәжірбиелі маманан кеңес:

Менің есімім- Ажар. Бірнеше жылдық тәжірбием бар маманмын. Осы уақытқа дейін бірнеше отбасында бала күтуші болдым. Әр түрлі жастағы балаларға, отбасыларға қарап нақты ескеретін үш мәслені айтқым келеді: 

Балаңыз күтушіге қатты бауыр басып, қызғаныш орнаса не істеуге болады?

Егер балаңыз күтушіге бауыр басып кетсе, бұл өте жақсы деген сөз. Демек сіздің балаңызға ыңғайлы әрі тиімді бала күтуші келген. Қызғаныштың болуы қалыпты жағдай. Сіз жұмыстан келіп, балаңыздың күтушімен жылы қоштасып жатқанын көруіңіз мүмкін. Осындай жағдайда қызғанышпен бірден оны жұмыстан шығарып жіберу қателік. Себебі, енді ғана жақсы көру қаблеті дамып келе жатқан балаңызды оған жақын болған адамнан ажыратып аласыз.

Есіңізде болсын, күтушіні жалдау арқылы сіз өміріңізге әсер ететін тағы бір отбасы мүшесін қосасыз. Сондықтан ұсақ-түйек нәрселерге де аса мұқият болыңыз. Жасы, білімі, тәжірибесі, ұсыныстары сәйкес келіп, бірақ сонда ұнамайтын бір тұсы болса да бірден бас тартыңыз. Себебі сіздің ішкі сезіміңіз өтірік айтпайды. Алдымен отбасыңызбен ақылдасып, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонымен қатар, алдын-ала қауіпсіздік шараларын да жасаңыз. Бағалы заттарыңызға, өзіңізге қымбат дүниелерге сақ болыңыз. Үйдің ішіне жасырын бейнебақылау орнату артық етпейді.

Бала күтуші таңдау, жұмыс беруші мен маман арсындағы түрлі оқиғалар туралы “Няня” веб-сериалын көруге кеңес береміз.

Поделиться