Красота

Алматыдағы көшпелі сұлулық салондары

Біз өз оқырмандарымыздың бір де бірі қалмастан, бүкіл істі шырқ үйірген супер-мамалар екендігіне сенімдіміз. Таңертең баланы мектепке баруға дайындау, үйді жинап алу, жұбайыңа түскі аз әзірлеу, ыдыс-аяқты жуып қою жә
Алматыдағы көшпелі сұлулық салондары
Біз өз оқырмандарымыздың бір де бірі қалмастан, бүкіл істі шырқ үйірген супер-мамалар екендігіне сенімдіміз. Таңертең баланы мектепке баруға дайындау, үйді жинап алу, жұбайыңа түскі аз әзірлеу, ыдыс-аяқты жуып қою жә
Алматыдағы көшпелі сұлулық салондары
Біз өз оқырмандарымыздың бір де бірі қалмастан, бүкіл істі шырқ үйірген супер-мамалар екендігіне сенімдіміз. Таңертең баланы мектепке баруға дайындау, үйді жинап алу, жұбайыңа түскі аз әзірлеу, ыдыс-аяқты жуып қою жә
24.09.2015, 09:50
Изменено: 14.03.2024, 10:12

Біз өз оқырмандарымыздың бір де бірі қалмастан, бүкіл істі шырқ үйірген супер-мамалар екендігіне сенімдіміз. Таңертең баланы мектепке баруға дайындау, үйді жинап алу, жұбайыңа түскі аз әзірлеу, ыдыс-аяқты жуып қою және азық-қорын толықтыруға дүкенге барып келі, ал мен ше, мен өзімді қашан күтемін? Таныс па? Біз өте-мөте таң тамаша қалып, сүйсінетін кейбір пысық мамалар өз өзін күтіп те, құрбыларымен киноға барып та үлгеріп жатады.  Бірақ, бұл іріктеме оларға емес, өзін күтуге сәл-пәл үлгермей жататын немесе жас нәрестесімен үйінде отырған мамаларға арналған...  Сонымен, біз бүгін Алматыдағы қызметтерін үйлеріңізде көрсететін сұлулық салондарының тізімін арнайы сіздер үшін жинап алдық.

 

1. Buenos жылжымалы сұлулық салоны күтім жасау бойынша кешенді қызмет көрсетеді. Сайттағы ақпаратқа сенер болсақ, онда Buenos сұлулық салонының шеберлері Аша Матай, Мақпал Исабекова және көптеген басқалар секілді атақты адамдарға да қызмет көрсетеді екен. Сонымен бірге, бізге сұлулық салонының ресми парағында барлық қызметтерге белгіленген бағалар, түр өзгерістердің фотосуреттері мен клиенттердің пікір-лебіздері көрсетілгендігі де ұнап қалды. Ұзақ әңгімелей бермей-ақ, осы сұлулық салонының байланыс телефондарын және сайтының адресін берейік.

 

Сайты:http://www.buenos.kz

 

Телефондары: +7 700 777-73-70, +7 727 296-00-52

 

2. "Native" салонының көрсететін қызметтерімұншама алуан түрлі емес, бірақ оның орнына Сізге ыңғайлы болуына, жайлылыққа, қауіпсіздікке және сапаға кепілдік береді. Көрсетілетін қызметтерге: шаштараздың, косметолог/визажистің, маникюр шеберінің және массаж жасаушының қызметтері кіреді. Сайтта сондай-ақ бағалары көрсетілген.

 

Сайты:http://native-care.kz/

 

Телефондары: +7 (701) 203 22 11,+7 (777) 166 81 30, +7 (727) 354 59 55

 

3. «Fazza» жылжымалы сұлулық студиясықазіргі заманның әйелдеріне қалай табысты болу міндетін шешуге көмектесу үшін құрылған. Арнайы үйретілген және бір мезгілде жұмыс істеуге дайындалған макияж және шашты жайғастыру жөніндегі шеберлер көрсетілген уақытта кез келген жерге (үй, пәтер, кеңсе, мейрамхана) келіп, бір жарым сағаттың ішінде клиентті кез келген шараға немесе салтанатқа сақадай-сай етіп дайындайды. Егер де тек шашты жайластыру мен сәнді шаш жасау қажет болса, бұл клиенттің бар болғаны 30 минут уақытын алады. Макияж үшін Atelier (Франция), Graftobian(Америка), Cinesitta (Италия) компанияларының кәсіби гипоаллергенді косметикасы қолданылады, шашты жайластыру үшін Biostetique (Германия) компаниясының құралдары пайдаланылады. Бағалары көрсетілмеген.

 

Сайты: https://salon.kz/salons#1

 

Телефондары: +7(727)377-67-21, +7(701)226-22-57 , +7(707)226- 2-2 -57

 

4. Интернетте "Город Мастеров" («Шеберлер қаласы)  жылжымалы салонына 3819 адам қызығушылық танытты. Танымал болу деген осы емес пе? Салон шашты, бетті және денені күтімге алу қызметтерін көрсетеді. Бағалары көрсетілмеген.

 

Сайт: https://salon.kz/salons

 

Телефондары: +7(727)222-14-72 , +7(701)101-70-58 , +7(727)354-37-45

 

5. "Charm factory" салоны  да осылардың қызметтерін үйіңізден шықпай-ақ пайдалана алатындардың тізімінде. Салонға осы күнге дейін 327 адам қызығушылығын білдірді. Ал салонның негізгі өкілі Динара Сіздің келбетіңізді ретке келтіруге уәдесін беріп отыр.

 

Сайты: https://salon.kz/salons

 

Телефондары: +7(727)971-54-43 , +7(708)971-54-43

 

Ақпарат ашық ақпарат көздерінен алынған. Редакция жоғарыда аталған сұлулық салондарының көрсететін қызметтерінің сапасы үшін жауап бермейді.
 
Menu
×