21.08.2015 15:03

Алматыдағы бассейндер: мекен-жайлары, бағалары және жеңілдіктері!

Жаз бізге білдірмей зымырап өтіп жатыр, сондықтан да өз о

Жаз бізге білдірмей зымырап өтіп жатыр, сондықтан да өз организміңізді серуендетуге ұйымдасқан түрде қарау, дәрумендер қорын толықтыру және бүкіл жыл бойына эмоциялар жинау керек болып отыр. Кез келген жастағы және әлеуметтік мәртебедегі алматылық үшін жазғы бағдарламада міндетті түрде су процедуралары болуға тиіс. Бұл неғұрлым жиірек болса – соғұрлым жақсырақ. Жаз өзінің думанымен есте қалуы үшін, демалыс күндері және жұмыс күндері Алматыда бассейн маңында дем алу міндетті түрде қажет. Жаз – соншама қысқа кезең, көзді ашып-жұмғанша ертең-ақ өте шығады, сондықтан бассейндерге жасалатын жорықтарды мүмкіндігіне қарай мұқият жоспарлап алу керек. Сонымен, 2015 жылғы жазда әр түрлі ауа райына уәде беріліп отыр, оның ішінде ыстық күндер де болады деп күтілуде, сондықтан Алматы бассейндеріне шолу жасағанымыз аса орайлы болып отыр. Бассейндердегі барлық қызметтерге бағаларды, қызмет көрсету сапасын, бассейндердің өздерін, сонымен бірге – Алматы бассейндері туралы ақпараттың интернетте қалайша көрсетілгендігін қарастырып шығайық.

 

1. Ray pool club

Осы бір сауық кешені Алматыдан шығатын жерде, қала шегінен бір километрде орналасқан. Кешеннің орны қала шегіндегі курорт ретінде анықталып отыр.

Кешен өткен жылдың жазында ашылған болатын. Өз жұмысының қысқа кезеңінің ішінде кешен меймандарға арналған кештердің алуан түрлілігімен көзге түсті. Ұйымдастырушылар отбасылы алматылықтар үшін де, бойдақ сауық құрушылар үшін де дем алу мүмкіндіктерін ұсынып отыр.

 

Жұмыс сағаттары:

Дүй-Жек. 10:00-22:00

Тамақтану: бар

Aлкоголь: Сатылады

Балалар мәзірі: бар

Көлік қоятын орын: Аумақта

Балалар үшін жайлылықтар: бар

Заттарға арналған сақтау орны : бар

Кешеннің сайты

Facebook. Әлеуметтік желісіндегі парақ

Instagram.

ВК-да да парақ бар, бірақ ол соншама бір жаңартылып отырмайды. Әлеуметтік желілердегі басқа парақтарда кешен өкілдерінің белсенділігін және ұйымдасқан қолдау көрсетуді атап өтуге болады. Кешеннің сайты қарапайым және жұртқа түсінікті етіп жасалған. Бағалар, картасымен бірге келтірілген байланыс жасау ақпараты бар, өткізілетін шаралардың күнтізбесі жарияланған, бірақ ол, өкінішке орай, жаңартыла бермейді, тіптен кешеннің құрылу процесінің– оның салынуының және жайлы етілуінің тарихы да бар. Бұл кешенді құрушылардың өз туындысына деген көзқарастарын білдіріп отыр. 

 

Қалай жетуге болады:

Қапшағай трассасы, 46/1, «Магнум» дүкенінен кейінгі бұрылыс

 

Байланыс жасау ақпараты:

+7 (727) 260-31-53,

+7 (727) 389-55-03,

+7 (777) 243-04-90

Кіру билеттерінің құны:

Жұмыс күндері:

Ересектер билеті - 4000 тг; жеңілдікпен- 2500 тг, жеңілдікпен сатып алу

17.00 сағаттан кейін ересектер билеті – 2000 тг

3 жасқа дейінгі балалардың кіруі – тегін

3 жастан 12 жасқа дейін балалар билеті – 2000 тг, жеңілдікпен- 1200 тг, жеңілдікпен сатып алу

17.00  сағаттан кейін 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалар билеті–1000 тг

Демалыс күндері:

Ересектер билеті - 5000 тг; жеңілдікпен- 3000 тг, жеңілдікпен сатып алу

17.00 сағаттан кейін ересектер билеті  – 2500 тг

3 жасқа дейінгі балалардың кіруі – тегін

3 жастан 12 жасқа дейін балалардың билеті – 2500 тг, жеңілдікпен- 1400 тг, жеңілдікпен сатып алу

17.00 сағаттан кейін 3 жастан 12 жасқа дейін балалардың билеті – 1250 тг

Қосымша қызметтердің құны:

Орамалдарды жалға алу – 500 тг

Матрастарды (2 адамнан 6 адамға дейін) жалға алу - 10 000 тг

Жайдақ ағаш кереуетті (6 адамнан 10 адамға дейін) жалға алу – 30 000 тг

Беседкалар депозиті (10 адамнан 20 адамға дейін) – 100 000 тг

Дөңгелек бардың шатырындағы (VIP-аймақ) 2 шезлонгті жалға алу  – 10 000 тг

 

Сіз Ray pool club-қа жеңілдікпен бара аласыз

 

Идеясы:

Ray pool club кешені бұрынғы «Ұмыт болған жұмақ» («Затерянный рай») бақ орталығының аумағында орналасқан. Бақ орталығы бұрында осында өсімдіктер сатып алуға тек Алматы тұрғындары ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары да ат басын бұратын танымал орын болған еді. Одан кейін өз Жұмағының көркейіп, гүлденуімен жұмыс істеген пікірлес, ниеттес адамдарда, Бақтың атмосферасын сақтап қалып, осы жерде сауық құруға арналған кешен құру идеясы пайда болды. Ол уақытта әртүрлі шаралар – біртума орындары жаны жақсы көретін адамдарға арналған туған күндер мен үйлену тойлары өткізіліп те жатқан болатын. Идея іске асып, бассейні бар Ray pool club кешені пайда болды.

 

Бассейн және басқа қызметтер:

Өлшемі 700 шаршы м., пішіні әдеттен тыс бассейн.

Беседкалар, шатырлар және шезлонгтер

Шығыс, Еуропа, Кавказ және жапон тағамдары әзірленетін мейрамхана

Бар

Балалар анимациясы, жапсыру сабақтары және балалар конкурстары

Музыка

Әсемдік үшін жасалған көл және жапон бағы. 


Палаткалы қалашық

2. Горький атындағы Орталық Мәдениет және демалыс саябағындағы («Восьмое чудо света») аквабағы – қала тұрғындарында және қала меймандарында танымал болып отырған сауық құру орындарының бірі. Әрбір ірі шаһарда осындай бірнеше авкабақ пен демалыс орталықтары болады. Танымалдығына көбіне көп негізгі фактор – орналасқан орны және жазғы ыстықта өзекті болып отырған қызметтердің – балалар мен ересектерге арналған бассейн мен төбенің болуы себепкер болып отыр.

 

 

 

Жұмыс сағаттары: 10:00 - 22:00.

Тамақтану: Екі кафе жұмыс істейді

Aлкоголь: Бар

Балалар мәзірі: бар

Көлік қоятын орын: бар

Балалар үшін жайлылықтар: бар

Заттарға арналған сақтау орны : бар

Сайт - Табылмады

Фэйсбуктегі парақ - Табылмады

ВК – дағы парақ - Табылмады

 

 

Қалай жетуге болады

Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы. Аквабақтың көлік тұрағына Мақатаев көшесінен кіріп, одан кейін шығысқа, бұдан соң шлагбаумы бар қара дуалды көргеніңізше, Қалдаяқов (8 Март) көшесіне дейін жүріп өту керек.

 

Байланыс жасау ақпараты

Мекен-жайы: Алматы қ., Гоголь к., 1, Барибаев к. бұрышы.                                  Телефон: 382-30-82

 

Кіру билеттерінің құны:

Жұмыс күндері:

ересектерге - 3900 теңге, жеңілдікпен- 2730 тг, жеңілдікпен сатып алу

балаларға - 3000 теңге, жеңілдікпен- 2100 тг, жеңілдікпен сатып алу

Демалыс күндері:
ересектерге - 4400 теңге
балаларға - 3500 теңге

 

 Аквабаққа билеттерді  жеңілдікпен сатып алыңыз

 

Идеясы: аквабақ – судағы аттракциондар бағы, сондықтан, кез келген өзге аквабақ секілді, «Әлемнің сегізінші ғажайыбы» («Восьмое чудо света») балалармен бірге дем алу үшін және үлкен топпен белсенді дем алу үшін таптырмас орын.

 

Бассейндер: Үш ересектер, екі балалар бассейні орналасқан. Төбесі жабық және ашық бассейндер бар. Шілдедегі аптап ыстықта суық сулы бассейн үлкен танымалдыққа ие.  Ересектерге арналған бассейннің тереңдігі 1,8 м, балаларға арналған бассейнің тереңдігі 0,4 м және 0,9 м, ең кішкентайларға арналған кішкентай төбешіктерден бастап, ересектеу балаларға арналған қараңғы құбырлар бойымен түсуден бастап, айтарлықтай биік және тік түсетін жерлерге дейін аттракциондардың үлкен таңдауы бар. Ақвабақта барлығы сегіз ересектерге арналған төбешіктер мен балаларға арналған төбешіктер бар.

3. ДЕЛЬФИН FITNESS & SPA – бір орындағы ежелгі алматылық демалыс орталығы және фитнес-клуб. Дельфинде судағы аттракциондардың шамалы жинағы бар аквабақ жұмыс істейді, бірақ мұнда әртүрлі моншалар мен сауналар, әртүрлі тренажер залдары мен бағдарламалары бар фитнес-клубтың өзі бар. Оның үстіне, Атакент маңайында ыңғайлы орналасқан орны бұл орынды әрқашан танымал, жұрт көп келетін етіп отыр. Аквабақ аумағында терең емес бассейн орналасқан балалар аймағы бар, аквабақта қалта көтеретін бағалармен массаж қабылдауға болады, әр сенбі сайын шақырылған диджеймен, жүргізушілермен және жүлделер ұтысымен кештер өткізіліп отырады.

 

Аквабақтың жұмыс істейтін сағаттары:

Жұмыс күндері  9.00 сағ. бастап 21.00 сағ. дейін

Демалыс күндері 9.00 сағ. бастап 22.00 сағ. дейін

Тамақтану: Кафе жұмыс істейді

Aлкоголь: Бар

Көлік қоятын орын: Бар

Балаларға арналған жайлылықтар: бар

Заттар сақтау камерасы: бар

Сайт

Фэйсбукте - Табылмады

ВК

 

 

Қалай жетуге болады:

Атакент аумағына (аркалар арқылы) кіресіз, солға қарай бұрыласыз, одан кейін жоғары қарай бұрылыс болады – көлікпен екі минут немесе жаяу 5 минут жүресіз. Сонымен қатар, Жароков/Өтепов көшелері жағынан кіруге болады.

 

 

Мекен-жайы: Тимирязев көшесі, 42, Әуезов көшесінің қиылысы, «Атакент» ҚІЫО аумағында

Телефон: 274-67-97

Кіру билеттерінің құны:

Демалыс күндері: ересектерге 4000,

балаларға - 3000

Жұмыс күндері: ересектерге - 3500, жеңілдікпен- 2500 тг, жеңілдікпен сатып алу

балаларға – 2500, жеңілдікпен- 1600 тг, жеңілдікпен сатып алу

 

Дельфинге кіру билеттерін жеңілдікпен сатып алыңыз

 

Идеясы:

«Дельфин» жазғы күн сәулелі уақытта дем алуға да, толыққанды спортпен шұғылдануға да арналған.  Спорт пен демалыс мұнда әбден үйлесімді сыйысып отыр. Жыл бойына Дельфин өз аясына тренажер залдарында және төбесі жабық бассейнде алматылықтарды қабылдап отырады. Ал жазда қаладан тысқары жерге шықпай-ақ, достарымен және отбасымен дем алуды – күнге қыздырынуды және шомылуды жақсы көретін адамдар үшін есігін айқара ашады. Бұл Дельфиннің маңызды артықшылығы – ешқайда жолға шығу қажет емес.

 

 

Бассейн және басқа қызметтер:

Ересектерді (тереңдігі - 1,70 м, өлшемдері 50х25 метр), балалар (тереңдігі 0,60 см) бассейндері

Тренажер залы

Әртүрлі бағыттағы топтық бағдарлама залдары

Балалар бөлмесі

Сауна (фин, хамам)

Киім ауыстыратын орындар, душ

Массаж (уқалау) кабинеті

Үстелдегі теннис

Ыстық та хош иісті кофе мен шәй

Қосымша: 2 қабаттың биіктігіндегі бір төбешік, аквааэробика, ауа үрленген төбешіктері мен батуттары бар балалар бассейндері.

4. Дос

Дос –бұл  Алматы-Талдықорған трассасының 24-ші километріндегі, қаладан көлікпен 10 минут жүріп өтуге болатын жердегі сауық орталығы. Аквабақ орталық қықзметтеінің кешенінде орталық орынды алып отыр. Ақвабақтың аумағында: 5 бассейн, су төбешіктері және аттракциондар, фин саунасы, мейманхана және ойын аймағы (жағажайдағы волейбол, үстелдегі теннис) бар. Орталықта меймандардың айтарлықтай көп ағыны дем алады,  сондықтан қызмет көрсету сапасы туралы пікірлер айтарлықтай әртүрлі болып келеді. Доста әжептәуір қол жетімді бағалар белгіленген, сондықтан, осында келетін аудитория алуан түрлі.

 

Жұмыс сағаттары:

Күн сайын 10-00 бастап 22-00 дейін

Тамақтану: Кафелер жұмыс істейді

Aлкоголь: Бар

Көлік қоятын орын: Бар

Балалар үшін қолайлылықтар: бар

Заттар сақтау камерасы: бар

Сайт

Фэйсбукте - жоқ

Инстаграмда - жоқ

ВК-да - жоқ

 

Қалай жетуге болады:

Солтүстік шеңбер трассасы

15-ші километр

 

Байланыс жасау ақпараты:

Анықтамаларға арналған телефон: 87052055555

Кіру билеттерінің құны:

2500 теңге, жеңілдікпен- 1750 теңге (жеңілдікпен сатылатын билеттер саны- щектеулі), жеңілдікпен сатып алу

13 жасқа дейін 1000 теңге, 3 жасқа дейін тегін!

Туған күн иелеріне, жүкті әйелдерге, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге кіру тегін.

 

 Досқа билеттерді  жақсы жеңілдікпен сатып ылғыңыз келе ме – осы жерді басыңыз!

 

Идея:

Дос – бұл отбасымен де, сондай-ақ достармен және әріптестермен ле дем алуға арналған кешенді бюджеттік ұсыныс. Келушілердің контингенті алуан түрлі, қызмет көрсету – ерекше емес. Бірақ, жазғы аптап ыстықта керек нәрсе – мұнда бар орналасқан. Кешеннің меншік иелері Досты барлық қажетті нәрсемен жабдықтап, жарақтаған. Мейманхана мен сауна осында келуді және дем алуды бір түннен ұзағырақ ету мүмкіндігін беріп отыр.  Мұнда жұмыстан екі күнге, әрі толығымен тынығуға болады. Егер Сіз жұрттан алыс жерді іздесеңіз, бұл вариант жарамайды – Доста адам әжептәуір көп, шулы болады.

 

 

Бассейндер және басқа қызметтер

5 бассейн:

балалар бассейні (50 см.),

отбасылық бассейн (50-150 см.),

2 ересектер бассейні (160 см. және 170 см.) және бір бассейн төбешіктермен  (150 см.),

балаларға да, ересектерге де арналған 2 төбешік бар.

Шезлонгтер көп

Киім ауыстыратын орындар және дәретханалар

12 номерден тұратын мейманхана, барлық номерлер 2 орындық

бір тәулік тұру құны – 16000 теңге,

күн әлде түн - 10000 теңге.

2 сауна бар - сағаты 3000 теңге

Бассейнді толығымен жалға алуға болады, бағасы уағдаластық бойынша

Ас мәзірінде: Еуропа тағамдары, ұлттық және қытай тағамдары, фастфуд және екі түрлі кәуап ассортиментте бар! Тағам бойынша орташа шот бір адамға 3000-5000 теңге құрайды.

Бар әртүрлі сыраның 7 сортын (400-1500 теңге), үйдің сусындарын және дәстүрлі сусындар ұсынады.

5. Тау Спа

Тау Спа өзі пайда болған сәттен бастап өзінің атауымен байланыстырыла бастады – бұл тауда денені босаңсытудың, бой жазудың қазіргі заманғы техникаларының орталығы. Басқа да орталықтар секілді, ол біздің шолуымызда өзінің қызметтер бағытында бассейннің және судағы рәсімдердің болуына орай пайда болды.

 
Жұмыс істейтін уақыт:

таңертеңгі 10.00 бастап түнгі 2.00 дейін, жыл бойына

Тамақтану: аумағында бірнеше мейрамхана бар

Aлкоголь: бар

Балалар мәзірі: бар

Көлік қоятын орын: бар

Балалар үшін қолайлы: бар

Зат сақтау камерасы: бар

Сайт

Фэйсбукте - Табылмады

В контакттеде - жоқ

Қалай жетуге болады:

 

 

Байланыс жасау ақпараты:

ТАУ-SPA-Cenrte

Мекен-жайы: Алмаарасан шатқалы, 1/3

Телефон: +77272759144

Телефон: +77273279775

Кіру билеттерінің құны:

Бір рет бару

Ересектер билеті 10 000 тг, жеңілдікпен бағасы-  3800 тг бастап, жеңілдікпен сатып алу

3 жастан 10 жасқа дейін балалар билеті 4 000 тг

(баланың туу туралы куәлігі болған кезде)

Абонемент (жаз, 5 рет кіру) – 25000 тг,

«Түнгі» абонемент (5 рет келу, жұмыс күндері) - 20 000 тг, жеңілдікпен бағасы- 12000, жеңілдікпен сатып алу

жеңілдікпен бағасы-

Акциялар – әр бейсенбіде өткізіледі

Ересектердің кіру билеті - 4 000 тг

балалардың кіру билеті - 2 000 тг

және сертификат ұтысы

 

 Тау Спа-ға тамаша жеңілдікпен бару мүмкіндігі- осында!

 

Идеясы:

Тау Спа –  бұл қала шегіндегі курорт.  Бұл орталық дәл осы алматылықтар мен қала меймандары үшін мегаполистің әбігер-қарбаласынан толықтай дем алу мүмкіндігін жасау мақсатымен құрылған болатын.  Ашылған сәтінен бастап арада жылдар өтіп, осы уақыт ішінде қалада және оның маңында альтернативалы «курорттар» пайда болды. Ұсыныстың жоғары сапасын ескеер отырып, Тау Спа-дағы қызметтердің құны айтарлықтай қол жетімді болып отыр. Осыдан барып, бұл мекемеге өзінің концептіне мұқият сәйкес келіп отыру қажет. Мұнда шулап жүрген жүріс-тұрыс құпталмайды және орталықтың сайтында тіптен Тау Спа-дағы жүріс-тұрыс этикеті белгіленген. Иә-иі, сірә, меймандарға ортақ ванналарға және джакузиге барарлық алдында душ қабылдау қажеттігін, ал балаларды қараусыз қалдырып кетуге болмайтындығын түсіндіріп отырған қажет секілді. Жалпы алғанда, мұндағы тәртіп әбден жарамды болып отыр.

 
Бассейндер және басқа қызметтер:

Балаларға және ересектерге арналған, таза ауадағы, төбешіктері және гидромассажерлері бар, астынан қыздырылатын бірнеше бассейн бар.

Өлі теңіздің және Жерорта теңізінің тұздары бар, төбесі жабық бассейндер.

Сауналардың 4 түрі: орыс, түрік, Альпі, жапон саунасы бар.

Моншалар: орыс, шығыс, скандинав және жапон моншасы бар.

Гидромассаж жасайтын джакузи бар.

"Tau-Spa" аумағында мейрамханалар жұмыс істейді.

Ниет болған кезде, «Tau House» отелінің номерінде аялдауға болады.

* SPA аумағына бір рет кірудің құнына шомылуға арналған керек-жарақты (орамалдарды, кебістерді және халаттарды) жалға беру кірмейді.

 
 
Прочитать этот текст на русском. Перевод: Шокан Канафин

 

Поделиться