Путешествия

Алакөл көліндегі демалыс: турбазалар, олардың бағалары мен ерекшеліктері

Пандалэнд-те жасалған көптеген шолулардан кейін, әсіресе Ыстықкөлдегі демалысқа жасалған шолудан кейін, көптеген оқырмандарымыз бізден өзіміздің отандық демалысқа шолу жасауымызды өтінген еді. Бүгі
Алакөл көліндегі демалыс: турбазалар, олардың бағалары мен ерекшеліктері
Пандалэнд-те жасалған көптеген шолулардан кейін, әсіресе Ыстықкөлдегі демалысқа жасалған шолудан кейін, көптеген оқырмандарымыз бізден өзіміздің отандық демалысқа шолу жасауымызды өтінген еді. Бүгі
Алакөл көліндегі демалыс: турбазалар, олардың бағалары мен ерекшеліктері
Пандалэнд-те жасалған көптеген шолулардан кейін, әсіресе Ыстықкөлдегі демалысқа жасалған шолудан кейін, көптеген оқырмандарымыз бізден өзіміздің отандық демалысқа шолу жасауымызды өтінген еді. Бүгі
14.08.2015, 12:31
Изменено: 19.04.2024, 17:12

Пандалэнд-те жасалған көптеген шолулардан кейін, әсіресе Ыстықкөлдегі демалысқа жасалған шолудан кейін, көптеген оқырмандарымыз бізден өзіміздің отандық демалысқа шолу жасауымызды өтінген еді. Бүгін осы туралы сөз болатын Алакөл көліне туристер ағыны толассыз келіп жатады. Әрі мұнда түріктің оллинклюзиві, арзан баға жоқ, тіптен өсімдіктер де көп емес. БІРАҚ! Барлық туристік бағдарламалардың өзегі – мінсіз мөлдір таза емдік су! Сондықтан мұнда барлық елімізден және шетелдерден адамдар ағылып келеді...

 Тек қазақстандық сауықтыру орны барша жұртты өзінің қашықтығымен және бұларды осылай деп атауымызға болатын болса, жолдардың сапасымен қапаландырып келеді. Негізінен алғанда кей жерде қиыршық тас, кейде ойқы-шойқы жерлер кездеседі. Жалпы алғанда, Алматыдан солтүстік жағалауға дейінгі 900 километрді және оңтүстік жағалауға дейінгі 620 километрді Сіз селкілдеп өтетін және біздің байтақ еліміздің кең жазирасын көзбе-көз көретін боласыз. Көлге дейін өз автомобиліңізде жетуге болады, бірақ көптеген адамдар қалада жүруге бейімделген машиналардың жүріс бөлігін аяп, автобуспен немесе поезбен жеткенді артық көреді. Автобус билетінің құны бір адамға 4200 теңге құрайтын болады. Поездың билетінің құны 4 мың теңгеден 8 мың теңгеге дейін өзгереді.

Сонымен, қандай көлікпен бару керектігін талдап, түсіндік, енді қандай жағалауға баратындығымызды шешіп алу керек. Өйткені, көл өте үлкен, барлық демалыс аймақтары бір бірінен қашықта жатыр және үш елді мекенде орналасқан, бұл Ақши кенті,          Көктума кенті және Қабанбай кенті (халық арасында Жарбұлақ).

Сондықтан, біздің шолуымызда демалыс орындары осы үш кент бойынша бөлінетін болады. Оларды бір бірінен не нәрсе ерекшелендіреді? Неліктен көптеген дем алушылар Ақши кентіндегі бағаларға шағымданады, Көктуманы «жердің бір жері» деп атайды, ал Қабанбай кентіне дейін тіптен жетпей жатады?

Барлығын рет-ретімен баяндап берейік: Үшарал қаласына жеткеннен кейін (бұл жерді кірген кезде қазақ батыры Қабанбайдың ескерткіші және көптеген жанар-жағар май құятын орындар бойынша тануға болады), көлдің өзіне дейін Сізге шамалы ғана жер жүріп өту қалады. Ең бірінші және жақыны Ақши кенті болады. Бір кездері осы бір жерді кент деп атаудың өзі қиын еді, туристік серпіліске дейін мұнда бір көше және бес-алты үй ғана болған еді. Міне, дәл сондықтан Ақши бизнесмендер үшін таптырмас орын болды. Жағалауы таза, оны бұл жерде күтімге алған, шезлонгтың астында да жатуға болады (кейбір аймақтар оларды өздерінің туристері үшін тегін қояды, басқа аймақтардың туристері үшін шезлонгтар ақылы).

«Даладағы қос»  («Полевой стан») демалыс аймағы

Pandaland Image

Кім де кім дүниедегі игіліктерді іздемей, тек қана табиғатпен оңаша қалуды аңсаған болса, онда «Даладағы қосқа» баруға кеңес береміз, әрі басқа демалыс аймақтарына қарағанда, мұндағы демалыс Сізге анағұрлым арзанырақ түсетін болады. Аумақ бойынша электр тогы, су ұңғымасы жүргізіліп, пайдаланылып отыр. Дем алушылар контейнерлі коттедждер түріндегі 1 қабатты корпустарда, киіз үйлерде, палаткаларда орналастырылады. Турбаза 50 адамға есептелген. Номерде бір орындық кереует, вентилятор, үстел, тумбочкалар және тоңазытқыш бар.

Отельдің қосымша қызметтері: «Үй тағамдары әзірленетін кафе» режиміндегі асхана, 6 адамға дейін сыйдыратын cауна-монша, экскурсиялар (Жоңғар Алатауына және Жалаңашкөл көліне), велосипедтерді жалға беру, балық аулау үшін қармақтарды және қайықтарды жалға беру, шағын  бар-караоке, шағын дүкен (азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп тауарлары) және ойындар.

Тұрып жатудың құны 3900 теңгеден бастап 5500 теңгеге дейін құрайды. 10 жасқа дейінгі балаларға тұру тегін (орын берусіз) + тамақтану бөлек.

Бағасы: тамақтанумен бірге тұрып жату тәулігіне 1 адамға 3900 теңгеден бастап 5500 теңгеге дейін құрайды.

Сайты: www.wildkazakhstan.com

Телефондары: +7 (727) 328 5597, +7 (727) 397 4262, +7 701 638 5754, 8 777 087 51 47

Алматы-1, Алматы-2 демалыс аймақтары

Pandaland Image

Оңтүстік астананың құрметіне аталған туристік базалардың атағы көлдің жағалауынан таяқ тастам жерде (15 метр) орналасқандығымен шығып отыр. Шағын пансионаттарда 50-60 адамға ас әзірлейді және Сізге даяшылар қызмет көрсететін болады. Номерлерде душ, дәретхана, 2 кереует, диван, тоңазытқыш, кондиционер, спутниктік теледидар, үстел, орындықтар, киім шкафы және 2 тумбочка бар. Пансионаттың қосымша қызметтеріне: дискотекасы бар жазғы кафе, балалар алаңы, көлік тұрағы (тегін), үстелдегі теннис (800 тг), монша (3000- 5000 тг), дүкен, мангал, емдік балшық және қосымша ақы үшін массаж кіреді.

Бөлмелер: 2 орындық 21 шар/м және 2 бөлмеден тұратын 4 орындық, 35 шар/м. Егер Сіздер бұдан көбірек болсаңыздар, түк те етпейді, сіздерге ауа үрленетін матрацтар тегін беріледі.

Бағасы: мұнда тұрып жатудың құны маусымға байланысты болып келеді. Мамыр айында баға 3500-5000 теңге шамасында өзгереді, ал барлық жаз айларында 5500-13500 аралығында болады. Мұнда ең арзан демалысты тамыздың соңында және қыркүйек айының ең соңына дейін алуға болады, бұл кезде тұрып жатудың құны бір күнде 3500 теңге тұратын болады.

Ауқаттану: 3 мәрте, ересектерге тәулігіне 3500 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға 2000 теңге.

Сайт: www.mukin.kz

Телефондары: +7 777 817 17 61/ +7 701 222 51 40 Дарья, +7 701 222 28 36 Айдос

«Пеликан» отбасылық демалыс орталығы

Pandaland Image

«Пеликан» демалыс базасы Алакөл көлінің жағалауында, Ақши кентіне жақын жерде, Үшарал қаласынан 65 км қашықтықта орналасқан («Пеликан» демалыс базасының GPS координаталары: N 45 57 18;E 81 34 17). Кешен Алакөл жағалауының демалыс базаларының арасындағы ең «жасыл» болып лайықты аталады. Демалыс базасы салынған жылдар ішінде (2007 жылдан бастап) ағаштардың 5 мыңнан аса көшеті отырғызылды. «Пеликанның» жайлы етілген үлкен аумағында коттедж үйлер, үлкен дәлізі бар асхана, кофе-бар, сауна, бильярд, күзетілетін автотұрақ, дүкен, мед. пункт, жазғы кинотеатр орналасқан. Жас меймандардың иелігіне ойын бассейндері мен балалар алаңдары беріледі. Ағаштан жасалған коттедж үйлер – экологиялық тұрғыдан таза, жайлы, барлық «өркениет игіліктері»: кондиционерлер, санитарлық тораптар, душ, ыстық суық су, жаңа жиһаз бар.

Жағажай: Алакөлдегі барлық жердегі секілді – жанартаудан қалған малта тасты (Сочидегідей), үйлерден 5-10 минуттық жерде орналасқан.

Ауқаттану: клиенттердің таңдауы бойынша тамақтандыру жүйесі ұйымдастырылған.

Қосымша қызметтер: сауна, бильярд, дүкен, жататын кереуеттер, киім жуатын орын, экскурсиялар, әкімшілік бөлмесіндегі WI-FI бойынша интернетке тегін кіру. Бұл жерде Интернет почтаны тексеруге және қоңырау шалуға арналған. Фильмдер мен бағдарламаларды жазып алуға тыйым салынған.

Бағасы: адам санына байланысты (2000 тг бастап 26500 тг дейін). Баға номер үшін, тамақтанусыз көрсетіліп отыр. Ата-аналарымен бірге тұрып жатқан 5 жасқа дейінгі балалар қосымша орын берусіз, тегін орналастырылады. Номердегі қосымша орын (төсек керек-жарақтары бар ауа үрленетін матрац) - 1000 теңге.

Сайт: pelican-alacol.ru

Телефондары: +7 (72833) 30002 ,+7 (727) 397-49-32, +7(727) 397-50-07,+7 (727) 250-11-70, +7(727) 266-39-24

«Alasu» демалыс аймағы

Pandaland Image

«ALASU» курортының аумағына кіре отырып, Сіз күзетілетін аумаққа келесіз. Аймақтың өкілдері құрылыс кезінде пайдаланылған барлық материалдар экологиялық тұрғыдан таза деп сендіреді. Мұнда жағажай қамыстан жамылғысы және шезлонгтары бар күркелермен жабдықталған. Alasu курортында номерлердің көптеген түрлері бар. Коттедждер, бунгало және тіптен киіз үйлер де бар. Олардың барлығы көлден бірнеше қадам жерде орналасқан.

Отельдің қосымша қызметтері: медпункт, дүкен, волейбол алаңы, үстелдегі теннис, бадминтон, балалар алаңы, бұлақ суы толтырылған балалар бассейні, дәстүрлі орыс саунасы бар монша, SPA процедуралары бар массаж кабинеттері.

Таңертеңгелік аспен, номер үшін тәулігіне төлейтін баға 2015 жылға екі адамға 9500 теңгеден басталады. Номер үшін барынша жоғары баға 28 мың теңгеге дейін жетеді. 3 жасқа дейінгі балаларға орын берусіз тұрып жату тегін, 3 жастан 12 жасқа дейін қосымша орынға ақы төлеу керек.

Телефондары: +7 (727) 3150941 , 3289673,+7-777-275-77-84, +7-777-275-77-84 ,+7-701-224-56-68, +7-701-224-56-68

 «Қара тас» («Черный камень»)

Pandaland Image

»Қара тас» («Черный камень») дем алушыларды өзінің жайлылығымен және оңашалығымен тартады. Дем алушылардың иелігіне орналастырудың үш түрі бар жайлы үйлер беріледі: студенттік, эконом, стандарт, стандарт+ және жартылай люкс. Дем алушылардың білдірген ниеті бойынша аспаздар мерекелік кешкі ас: көктал, кәуап, бешбармақ және көптеген өзге тағамдар әзірлей алады.

Тегін (ТҰРУҒА ЕНГІЗІЛГЕН): үш мәрте тамақтану, төсек ақжаймасы, күзетілетін автомобиль тұрағы, фонтаны бар балалар бассейні, беседкалар, волейбол алаңы, балалар алаңы, аниматорлар, дискотека, кітапхана, жағажай толығымен жайлы етілген (шатырлар, шезлонгтар).

Ақылы: дүкен, бар (шәй, кофе, алкогольді және алкогольсіз сусындар, таңсық тағамдар, жеңіл тағамдар), теннис үстелі, бильярд, монша массаж, катер, скутер, су шаңғысы, су шанасы (таблетка, банан), кешкі кафе, шілде-тамызда дельтаплан.

Бағасы екі адамға 11 мыңнан 30 мың теңгеге дейін өзгереді. 2 жасқа дейінгі балаларға кереует берілмейді – 2 жасқа дейінгі бала үшін қосымша кереуеттің құны тәулігіне 1500 т.

Сайт:www.ala-kol.kz

Телефондары: +7 (727) 296-94-17, (727) 298 31 79, (705) 542-07-79, (701) 908-97-13

ҚАРАПАЙЫМЫРАҚ БІРДЕМЕ ІЗДЕДІҢІЗ БЕ? ОНДА КӨКТУМАҒА БАРУ КЕРЕК!

Ақшиден өзгешелігі, Көктума әрқашан адам көп қоныстанған кент болған, сондықтан мұнда меймандос жергілікті тұрғындар Сізді өз үйлеріне ең төмен бағаға қабылдап алуға дайын отыр. Бұл жерде баға орналасқан орынға баланысты өзгеріп отыратын болады. Жағалаудан алысырақ орналасқан үйлер арзанырақ, жақынырақ орналасқан үйлер – қымбатырақ. Солай бола тұрса да, адам басына тамақтануымен бірге тәулігіне 2-3 мың теңгеге орын табуға әбден болады. Көктуманың оңды жері мұнда полиция учаскесі, ауыл ауруханасы, шағын базар бар екендігінде және көкорайдың өте көп екендігінде болып отыр. Ауылдағы демалыс аймақтарындағы сервис қыңыр туристерге орайластырылмаған. Мұнда шезлонгтер жоқ және жағажайды ешкім қарап, күтпейді. Негізінен алғанда, туристер өздерінің қоқыстарын өздері жинап алады. Соынмен қатар Көктумада, «құм қайырлы» жағалау маңайында «жабайы» демалыс күшті дамыған. Тура көлдің жағасында ағаштар өсіп тұрғандықтан, тапқыр дем алушылар палатка тартып, «тегін» дем алады. Шындығына келгенде, жағалауда әжетханалар мүлдем жоқ. «Жабайы» туристер өздерімен тасымалданатын дәретханаларын ала келеді. Бірақ, егер Сіз азды-көпті жайлы етілген демалысты артық көрсеңіз, Көктума кентіндегі демалыс аймақтарының сипаттамасын келтіре кетейік.

 «Асуан» демалыс аймағы

Pandaland Image

«Асуан» демалыс аймағы ақылға сыйымды бағалармен көлдің жағалауында дем алуды ұсынады. Оның аумағында коттедждер, мейрамхана және таулар көрініп тұратын ашық жазғы терраса орналасқан. Әр номерде кондиционер, тоңазытқыш, спутниктік арналарды қабылдайтын сұйық кристалды теледидар бар. Терезелерінің қоса енгізілген торлары бар, пластиктен жасалған. Номерде күн сайын дымқыл шүберекпен жинап алу жұмыстары жүргізіледі.

Отельдің қосымша қызметтері: балалар алаңы, бильярд, сауна, бассейн, жазғы алаң, күніне 2 рет жағажайға дейін көлік (Газель) тегін, бар, кафе, дискотека күн сайын 20.00 сағаттан бастап түнгі 00.00 дейін, бильярд 1 сағ/1000 теңге, монша 1 сағ/1000 теңге, бананда, катерде, скутерде серуендеп, сырғанау,  Жаланашкөл көліне және қорық бойынша экскурсиялар, балық аулауды ұйымдастыру, сауна, бильярд, массаж кабинеті, жағажайда жататын кереуеттер, киім жуатын орын.

Жағажай: Жағажайға дейінгі қашықтық - 150 м. Жағажай «құм қайырында» орналасқан.

Ауқаттану: Ауқаттану клиенттің талғамы бойынша. Тамақтың сапасы тамаша, пансионат иелерінің қосалқы шаруашылығынан алынған, тек экологиялық тұрғыдан таза өнімдер қолданылады. Шығыс және Еуропа тағамдары әзірленеді, аспаз Өзбекстаннан шақырылған.

Бағалары: 1 адамға 3 мәрте тамақтанумен тәулігіне тұрудың құны 4500 теңгеден бастап 8000 теңгеге дейін. 3 жасқа дейінгі балаларға тұру мен тамақтану – тегін.

Телефондары: 8 775 330 64 10 Әділ, +7(701)277 22 34 Зәмзәгүл

«Көктума» демалыс аймағы

Pandaland Image

Кенттің алғашқы пансионаттарының бірі. Аймақ екі корпустан тұрады. Біріншісі бұрынғы балалар бақшасының негізінде салынған болатын, екіншісі көлге жақынырақ орналасқан. Алакөл көліне дейін жаяу 3-5 минутта жетесіз.

Номерлердегі жайлылықтар: тоңазытқыш, теледидар, спутниктік антенна, кондиционер және душ. Алғаш рет ашылғаннан кейін демалыс аймағында күн сайын шулы дискотекалар өткізіліп отырған болатын, бірақ туристердің жергілікті ауыл балаларымен ұрыс-керістері бола бастағаннан кейін, дискотекалар енді өткізілмейді. Жалпы алғанда, пансионат адамдарға әрқашан толы.

Бағалары 3900 теңгеден бастап 7800 теңгеге дейін өзгереді.

Телефондары: 8(727)328-86-56, 266-27-26, 8 701 755 13 47 (Турфирманың телефондары)

«Тоғжан» демалыс аймағы

Pandaland Image

Демалыс аймағы көлдің жағасында орналасқан. Дем алушылар контейнерлі коттедждер түріндегі 1 қабатты корпустарда орналастырылады. Аумақта көл көрініп тұратын асхана бар, қосымша ақы үшін кәуапқа, сірнеге, бешбармаққа және көкталға тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ қосымша ақы үшін моншаны жалдауға болады. Стандартты номерлерде - душ және дәретхана көшеде, тоңазытқыш,  спутниктік арналары бар теледидар және кондиционер бар. «Люкс» номерлерде – номерде ыстық және суық су ағып тұрады.

Ауқаттану: үйдің тамағы, 3 мәрте тамақтандыру

Бағасы: стандартты номерлер тамақтанумен бір адамнан 4500 тг, жақсартылған номерлер тамақтануымен бірге 7000 тг басталады. 5 жасқа дейінгі балаларға тегін, 5 жастан бастап - 2000 тг.

Телефондары: 7702 7433098 Әспет (әкімші), +7701 7168277 Айгүл

Көптеген келушілер көлдің солтүстік жағалауының маңында, Семей қаласы жағынан да туристік базалар бар екендігін біле бермейді. Олардың барлығы Қабанбай кентінде ұрынғы Жарбұлақ) орналасқан.

Pandaland Image

«Айгерім» демалыс аймағы

Pandaland Image

Қазіргі сәтте базаның аумағы 6 га жер телімін құрайды. Олардың ішінен 4 га жер жайлы етілген, көгалдандырылған. Коммуникацияның барлық түрлері тартылған. Ұялы байланыс жұмыс істейді. Аумақ қоршалған. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерлі тәулік бойына күзетеді. Аумақта әткеншектері, аттракциондары, судағы батуттары, балалар бассейні бар өз балалар алаңы орналасқан, велосипедтер бар. Сонымен бірге өз корты, диско-бар, беседкалар орналасқан, дем алуға арналған саябақ бар.

Бағасы: тәулігіне бір адамға 2000 теңгеден бастап

Ауқаттану: стандартты номерлерде тұрып жатудың құныны кіреді. Ағаш үйлер, коттедждер, VIP-үй тамақтанусыз.

Номерлер: Эконом кластан бастап VIP коттедждерге дейін әртүрлі мейманхана номерлері.

Сайты: www.aygerim.kz/dom-otdiha-alakol

Телефондары: 8 (72239)4-80-30, 8 (7222)56 93 66 (жолдамаларға тапсырыс беру), 56 57 53

«Арасан-көл» демалыс базасы

Pandaland Image

«Альпідегі шале» стилінде орындалған «Арасан Алакөл» демалыс базасының барлық ғимараттары тек қана табиғи ағаштан жасалған, ішкі және сыртқы жағынан әрлеу жұмыстары сібір балқарағайының сапасы жоғары ағашынан орындалған. Аумақта өз СПА-кешені, анимациясы бар балалар алаңы орналасқан. Жағажайға дейінгі қашықтық 300-400 м.

Бағасы: 3 мәрте тамақтандырумен,  бір адамнан тәулігіне 10000 теңгеден бастап.

Ауқаттану: 3 мәрте

Номерлер: екі жататын бөлмесі және меймандар бөлмесі бар, жайлылығы жоғары үш бөлмелі номерлер VIP персоналардың назарын аударады. Сіздер үшін, мырзалар, әрқайсысында 4 номерден орналасқан екі қос қабатты жеке үй бар. VIP-номер 4 адамның тұруына есептелген.

Сайт: www.arasan-alakol.kz

Телефондары: +7 (727) 329 73 26 +7 (727) 329 80 41

«Керуен» демалыс үйі

Pandaland Image

«Алакөл - Керуен» демалыс аймағы – бұл ертегідегідей дем алуға арналған, 10 га алып отырған сән-салтанатты жер. Мұнда корпоративтік демалысқа, отбасы салтанаттарын өткізуге немесе үлкен топпен дем алуға толығымен vip-үйлерге тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ Сіз жай ғана номерге (екі, үш немесе алты орындық) тапсырыс бер аласыз.

Қоршалған аумақтың негізгі ауданын әсем өсімдіктер мен мұнтаздай көгалдар алып жатыр. Сондай-ақ бұл жерде мейрамхана, жазғы спорт және ойын алаңдары орналасқан. Ішінде орыс моншасы бар, бұл моншадан кейін күннің көзі денеңізге мінсіз тегіс түсіп, күн шалу барынша ұзақ сақталатын болады. Керуен Алакөл көлінен 50 м жерде орналасқан.

Бағасы: 2000 тг/адам/тәу бастап - тамақтандырусыз, 4000 тг/адам/тәу бастап 3 мәрте тамақтандырумен

Номерлер: Стандартты 2, 3, 6 орындық номерлер және VIP-коттедж

Барлық номерлерде: кереуеттер, шкаф, теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, душ, суық/ыстық су ағатын санитарлық торап бар.

Сайты: http://keruen-alakol.kz

Телефондары: +7 778 90 77 203, +7 777 12 82 081:

«Боғас» демалыс үйі

Pandaland Image

Қоршалған күзетілетін аумақта 2 кіреберістен тұратын коттедждер орналасқан, әрқайсысында – душы және дәретханасы бар 2 екі орындық номер және холлда душы және дәретханасы бар 2 бір орындық номер бар. Холлда теледидар, жұмсақ жиһаз, тоңазытқыш және кондиционер бар. Сонымен қатар, аумақта: мейрамхана, бар, бильярд залы, сауна, балалар алаңы, жасанды жамылғысы бар футбол алаңы және маралдың мүйізімен емдейтін емдік-сауықтыру орталығы орналасқан.

Бағасы: 4000 тг/адам/тәу бастап

Номерлер: 2 және 1 орындық. Барлық номерлерде санитарлық торап және кондиционер, орталық холлда теледидар бар.

Сайты: alakol-bugaz.kz

Телефондары: +7 (705) 639 44 59, +7 (771) 202 27 07

Шолуымызды аяқтай келе, өздеріңізбен бірге масаның шағуына қарсы көп құрал, жылы киімдер (кейде жауын себелеп кетуі немесе суық жел соғуы мүмкін), шомылуға арналған баллондар (оларды мұнда сатып алған тым қымбатқа түседі) ала шығуға кеңес береміз және түнде жапа-жалғыз серуен құрмауға және тым алысқа жүзіп кетпеуге (суға батып кеткен адамдардың үлкен статистикасы) кеңес береміз.


Menu
×