Демалыс. Алакөл. Ұлдарым


Демалыс. Алакөл. Ұлдарым


Бәріңізге сәлем!

Көп болды жазбағаныма. Уақыт деген бір орында тұрмай өтіп бара жатыр.

 Ұлдарым жаңа кылықтарын көрсетіп өсіп келе жатыр. Кіші ұлым үштен асып калды, үлкенім екінші сыныпқа барады. Кіші ұлымның достары, ағасының жолдастары. Далаға ағасының достарымен шығады, телефонмен сөйлескенде солармен сөйлеседі. Киім кигенде ағасының киімін киюге тырысады. Бір-бірін өте жақсы көреді. Кішкентайымыз ағасын жарты күн көрмесе сағына бастайды, іздеп жүреді, қайда екен деп сұрайды.

Pandaland Image

Биыл біздер Алакөл жағасында демалдық. Бірінші рет екі баламызбен көлікпен бардық. Жол сапары қиын екен. Жарты жол жөндеуде екен, жарты жол, орысша айтқанда «стиральная доска» сияқты. Сол себепті он бір сағаттың ішінде жетіп бардық.

Біздер барғанда демалыста жүрген кісілер көп екен, көлдің жағасында отыратын орын жоқ, бірақ біздер абыржымай, көлікпен басқа орынға бардық. Көлікпен келгендер сол жерге барып жүреді екен.

Pandaland Image

Pandaland Image

Өкінішке орай, демалып жатқандармен қоқыс та көбейе бастады.

Кешке караоке өлеңдерін айтып, өзі-өзімізді алдандырдық. Кіші ұлым бір екі ән тыңдағаннан кейін, сол әндерді өзі микрофонды сұрап алып айтып жүрді. Бірнеше ән қатты ұнап қалды, кеш сайын сол әндерді тыңдап отырдық. Репертуары: Чайф «Аргентина Ямайка», Алсу «Иногда», «Зимний сон», Ялла «Учкудук»  және Рашид Бейбітовтың әні «Я встретил девушку».

«Антошка» әніне өзінің ағасының атын қосып айтып жүрді: «Альдошка, Альдошка, пойдем копать картошку, Альдошка, Альдошка...».

Pandaland Image

Демалыстан кейін үйдің қасындағы дүкенге кіргенде « Я встретил девушку» деп әнін айтып жібергенде, сол жерде тұрған кісілер күлкіден құлап қалды.

Мынандай әнші бала өсіп келе жатыр!




Bukvus

Поделиться:


Популярные блоги




Elvira Zhak
Elvira Zhak

Всего постов — 29

Auken

4 года 6 месяцев

Aldair

9 лет 3 месяца




600
+0