Перзент парызы


Перзент парызы


Менің әкем Қабдрахман (Қабды) әскер қатарына 1939 жылы алынып, Фин соғысына қатысқан. Содан, “енді үйге қайтамыз ба” - деген үмітпен жүрген кезде 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Әкем соғыстың қиямет қиын зардабын, ауырпашылығын есіне көп алғысы келмеуші еді. Көз алдында өртке оранған қалалар, боздаған аналар, балалар, жанында бір тілім нанды бөлісе жеп жүрген жолдастарын жоғалту, енді ғана 18-19-ға жаңадан толған жас-өспірімге оңай болмаған болар...

Әкеміз соғысты Львов қаласында болған ұрыста қолынан жараланып, 1943 жылы елге қайтты, өмірінің соңына шейін еліне адал қызмет етіп. үй салды, тал екті, ұрпақ тәрбиеледі.

“Әке көрген оқ жонар?

Шеше көрген тон пішер” - демекші біз отбасында 6 ұл 1 қыз тәрбие алдық. Солардан тараған қазір 17 немересі, 20 шөбересі бар. Алдыңғы буын аталарының саралап салған жолымен жүріп, олар да еліне адал қызмет етуде.

Ал, қаншама боздақтар соғыс даласында белгісіз болып жер жастанды. Соның бірі нағашы атамыз Көлбаев Сұлтан. Соғыстың алдында Сарқант ауданының Қарауыл-Төбе деген колхозының алғашқы колхоз басшысының бірі болған. “Белгісіз кетті” - деген суық хабар Ржев қаласынан келген. Артында зар еңіреп алды 14, 8, арты 4 жастағы қыздары қалды. Аналары Мани күйеуі соғысқа аттанғаннан кеін 1,5 айлар арасында қайтыс болып кетті.

Сұм соғыс қаншама ананы жесір, баланы жетім атандырды. Сол ортаншы қыз біздің анамыз Ажар еді...

Қазір міне соғыстың аяқталғанына да 70-жыл болды. Біздің әкеміз бұл жеңісті көре алмады. 1984 жылы 64 жасында ауырып қайтыс болды.

“Тәрбие тал бесіктен” - деген  сөздің үлкен мағынасы бар. Біз, балалары, немерелері әкеміз Қабдрахманды, атамыз Сұлтанды сағынышпен еске ала отырып, үлкен үлгі тұтамыз.



Балаларының атынан

Қызы Қалимаш


Галерея


  • Перзент парызы
  • Перзент парызы



Bukvus

Поделиться:


Популярные блоги




Калимаш Алимбекова
Калимаш Алимбекова

Всего постов — 1



656
+0