Мен қазақ қыздарына қайран калам


Мен қазақ қыздарына қайран калам


Шүкір, Егеменді елімізде өмір сүріп жатқанымызда өз ана тілімізде жазу құқымыз бар. Бұл сайтта көбіне орыс тілді қауым отыратын сыңайлы, дегенмен бірінші рет бұл сайтта қазақ тілде жазуды жөн көрдім. Мені сіздер түсінесіздер деген ойдамын.

 

 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі - деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
 
Деген өлең шумақтарын бала кезден білемін. Алайда, бабаларымыздан қалған ұлы сөздер қаншалықты өзектігін күні бүгінде жоғалтпаған? Ұлттық болмыс-бітім, тәлім-тәрбие қазақ қыздырында бар ма жоқ па екендігіне кімнің қандай пікірі бар? Әрине, заман талабына сай киім киіну, ойлау әркімнің өзінің жеке шаруасы. Көпке топырақ шашпайық, дегенмен қазақи тәрбиеден жұрдай қыздарымыз қаншама? Ұлт жанашырлары әрқашанда бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдарында қозғап жатады. Алайда бұған құлақ түрген жастар қатары біршама.
 
 
Бүкіл қысқа юбка киген қыздарды барлығын бұзылған демеймін, бірақ өз ісіне жауап бермейтін қыздарды да кездестіргеніміз бар. Қыз - отбасының ұйытқысы, болашақ ана қандай жағдай болмасын өзін әрқашанда жақсы ұстау керек.Мысалы, ажырасқан жағдайда, көп тұрмысқа шыға алмай отырып қалғанда да қазақ қызының бойына ежелден сіңген инаббаттылық, қарапайымдылық, имандылық сынды қасиеттерді жоғалтпау керек. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің" деген сөз бар, бұл ретте, көрген тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Ар-намыс жоқ жерде сыйласым болмайды. Бір туысым бар еді, 3 рет үйленген.Бірінші әйелімен ұрысып, отбасында келіспеушілік болмаған кезде жұмысында бір одан жастау келіншек бар еді (қазақтың қара жалпақ тілі "кәрі қыз"), ол сол кезді пайдаланып үйіне қоңырау шалып, балаларынын, айелінің мазасын алды. Ақыры, ол әйелімен ажырасып соган үйленеді. Балаларын тастайды. Арада екінші әйелі бала көтереді, дүниеге қатерлі дерт (ДЦП) ауруымен нәресте әкеледі. Алла сақтасын, баланың еш кінәсі жоқ. Бірақ бұл тағдырдың берген қатаң сыны деп ойлаймын.Басқаның отбасын бұзамын деп, өз қамын ойлаған қазақ қыздарының неге әу-бастан ақ ойланбайды екен? Болашақ ұрпағыма кесірі тимейді ме екен деп?! Түсінбей-ақ қойдым осындайды. Сенесіздер ме жоқ па ол екінші әйелінің қыспағынан шаршап, тез арада тағы бір әйел алды. 
 
 
Қазір тағы бір өнер пайда болды.))"Современный" қазақ қыздарында жігітті өзіне қарату үшін оған дос болады, түсінуге тырысады, ақшалай көмек көрсетеді. Мейлі үйленген болса да. Мұндағы мәселе, еркектің ақымақтығы ол бөлек әңгіме, ал қазақ қыздарының мұндай жат қылықтары ақылға қонымсыз. "Сын түзелмей, мін түзелмейді". Еркектердің құтырғаны да қазірде содан. Қыздарды сыйламайды, өйткені қазіргі қыздардың көбі (барлығын айтпаймын) аты затына сай емес. Шындыққа тура қарауымыз керек. Европаның жетегінде жүрген қазақи менталитеттен жұрдай қыздарымыз олар ұлттық идеологиямызды жоғалтып қана қоймай, қазақ деген атқа кір келтіреді. Оларға айттың не айтпадын де құлақтарына аспайды да!Бұл жерде де, орысша тәрбиеленген қыздардың барлығы жұмыла бірдей дегенім емес, олардың арасында да өте көп тәрбие көрген қыздар.Бір құрбым бар еді, қазақша бір ауыз сөз білмесе де, бірақ ата-анасы оны өте қатал ұстады. Әркімнің сана-сезіміне, өскен ортасына байланысты. Бірақ біреудің отбасына араласу? отқа май құю бұған біз неге көз жұма қарауымыз керек?!Елге жариялап кімнің кім екенін айтуымыз керек емес пе?!Басыма келмесе, бұндай әңгімені қозғамас та едім...Менің отбасыма түскен бірнеше шошандаған қыздардың әрекеттеріне қалай тойтарыс беру керектігін білмегенмін. Өз өзімді аяйым ба әлде мақтанайын ба қазақы тәрбиемен өскеніме деп жүргенде, денсаулығымды құртып алдым. Таңғалғаным соншалық осындай да адамдар болады екен-ау деген ызалықпен мен орысша өскен "стерва" құрбыларымнан сұрадым. Кімнің орны қай жерде екенін маған үйретіп берді, аз уақыт аралығында. Күш жинап, бүкіл уақытымды кек алу ісіне кірістім. Олар айтпаса қалың "интрига" мен "растоптали мою честь" тың астында қалушы едім.
 
 
Алайда менің намысым маған маза бермеді. Кекті мен күштілеп, жоспар құрып алдым. Көкелерін көрсеттім, біреудің отбасына баса көктеп кіру, құйрықтарымен жайраңдау дегеннің көкесін көрсеттім. Қаншама адам маған сыншы болды, жақындарымның арасында да жолдастарымның арасында да."Қайтесің ұмыт, нервыңды тауыстырма, олардың деңгейіне түспей-ақ қой" деді. Бірақ мен үндемей, болған істі жауапкершіліксіз қалдыра алмадым.
 
Тәуба, қазір арамызда ондай адамдар жоқ. Күйеуім де біраз өзгеріп)) Кейде ойлаймын мен аңқау бас орысша тәрбиеленгенімде сәл қулау болғанымда жағдайым басқалай болар ма еді? - деп.
 
Сіздер қалай ойлайсыздар? Мен дұрыс істедім бе? Қай жерде қателестім?

 

 

*Автордың тілі және жазу стилі сақталған

 




Bukvus

Поделиться:


Популярные блоги




Дикий Ангел
Дикий Ангел

Всего постов — 12



1 605
+0