Алматының озық перзентханаларының рейтингі Алматының озық перзентханаларының рейтингі
7 минут - 09.07.2015, 15:20
Алматының озық перзентханаларының рейтингі

Алматының озық перзентханаларының рейтингі

7 минут - 09.07.2015, 15:20
Өз өмірлеріндегі жүректері ең қатты тулайтын кезеңдерінің біріне – аналыққа дайындала отырып, біздің панда-маматайларымыз негізгі сұрақтың жауабын ойлана бастайды: жақсы да сапалы перзентхананы қалай таңдап алу керек? Pandaland.kz редакциясы Инстаграмда сауалдама жүргізіп, Алматы қаласының озық перзентханаларының тобын атап көрсетті.

Pandaland Image



 Сонымен, панда-маматайларымыздың пікірінше, Алматының озық перзентханаларының бірі Приват-клиниканың босану бөлімі болып шықты. Бұл ғанибет арзанға түспейді – клиникада тіркеуде тұрмағандар үшін босану 500 мың теңгеге соғады. Егер де Сіз жүктіліктің бүкіл кезеңінде маманның бақылауында болып, осында босануды жоспарласаңыз, онда қызметтер 600 мың теңгеге түсетін болады. Болашақ аналардың көпшілігі үшін бұл әжептәуір қомақты қаражат, бірақ клиниканың ұраны – «Барлық стандарттар бойынша үлгілі клиника».

Pandaland Image



Инста-маматайлар атап көрсеткеніндей, Приват-клиниканың персоналының біліктілігі жоғары, әрі Сізді бір сәтке де назарсыз қалдырмайды.

Перзентхананың артықшылықтары - мінсіз жағдайлары мен жарақтандырылған техникасы ғана емес, перзентханадан шыққаннан кейін бір ай бойына кез келген толғандырған мәселе бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі де болып табылады.

Pandaland Image



Медициналық персонал:

Витковский Олег Вильгельмович – акушерлік бөлімнің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог.

Лекерова Гүлжан Нұрғалиқызы - жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог. Алматы медицина институтының емдеу факультетін бітірген, білім ұясын тәмамдаған соң Алматы қаласының клиникаларында, №4 перзентханада, акушерлік пен гинекология ғылыми орталығында еңбек еткен. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 30 жыл.

Pandaland Image

Сауалдамаға және көптеген бала босанған аналардың жеке бастарының тәжірибесіне сүйене отырып, табысты босанудың негізгі критерийі - білікті дәрігерді және босануды дұрыс жүргізу қолынан келетін акушерді таңдау болып табылады.
Pandaland Image


Приват-клиниканың босану бөлімінің байланыс ақпараты -осында.


Панда-маматай Инстаграмда: «Ең бастысы, нәрестелердің өмірге дені сау болып келуі, әрі бұл жағынан көп нәрсе перзентханаға емес, дәрігерге байланысты», - деген пікірімен бөлісті.


Панда-маматайлардың пікірінше, екінші озық перзентхана - Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институты (Измир ретінде белгілі болып отырған)болып шықты.

Мұнда көптеген пікір білдірушілер бірыңғай пікірге тоғысты – зейінді персонал және мінсіз жағдайлар, сондай-ақ инста-маматайлар тамаша маман Полина Алексеевнаны да атап өтіп үлгерді.

Измирде тек ақылы босану ғана жүргізіледі, клиникада болған бәр тәулік үшін баға 17 мың теңгеден басталады, оған қоса босанудың өзі 37 мың теңге.

Біздің жазылушыларымыздың пікірінше, босану кезіндегі басты кемшілік нашар жағдайлар мен медициналық персоналдың немқұрайдылығы болып табылады. Әрине, осындай жағдаймен перзентханалардың ақылы бөлімдерінде де, тегін бөлімдерінде де ұшырасуға болатындығы сөзсіз. Міне, дәл сондықтан қажетті маманды дұрыс таңдап алған өте маңызды.

Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институтының (Измир) байланыс ақпараты:

Мекен-жайы:

Достық даңғылы, 125 үй (Шекара Академиясынан жоғарырақ)

Телефондары:

Қабылдау бөлімі — (727) 387-08-91
Тіркеу бөлімі — (727) 264-49-90
Директордың қабылдау бөлмесі — (727) 264-38-76


Көптеген инста-маматайлар «Керуен-Медикусты» бес балдық шкала бойынша бағалауда, олар бөлім меңгерушісі – Ғалия Асылбекқызыныңкәсіби қасиеттерін бөле-жара атап көрсетіп, тамаша персоналды және перзентхананың мінсіз жағдайларын мақтауда.

Pandaland Image
Pandaland Image


Тіркеуде тұрғандар үшін Керуенде босануды жүргізу 300 мың теңгеге, босануды жоспарлап отырғандар үшін - 360 мың теңгеге түседі. Бұған клиникадағы босануға серіктестік бойынша қызмет көрсетулердің, тамақтанудың және тұрып-жатудың толық жинағы кіреді.

«Керуен-Медикустің» байланыс ақпараты осындакөрсетілген.


Босанған аналардың келесі сүйікті орны - Қалалық Перинаталдық Орталық (№3перзентхана) болып отыр, мұнда ақылы да, тегін де бөлімдер бар.  Босануды ақылы жүргізу 70 мың теңге тұрады.

Pandaland Image
Pandaland Image
Pandaland Image

Біздің жазылушыларымыз атап өткеніндей, Алматы қаласында туған әрбір үшінші бала Қалалық Перинаталдық орталықта өмірге келеді екен.

Біздің панда-маматайларымыздың жеке бастарының тәжірибесі біз үшін маңызды роль ойнайды. Перзентханалардың мерей-беделі осыдан қалыптасады, бұл болашақ аналарға дұрыс таңдау жасау мәселесін шешуге көмегін беріп отыр.


Прочитать этот текст на русском языке. Перевод  - Шоқан Канафин


Menu
×