Звезды Казахстана

ЛЯЙЛЯ СҰЛТАНҚЫЗЫ: Қазақ халқының салт дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды

-Сіздіңше «Әйел бақыты» деген не? Бақыттың анықтамасы бола ма? Отбасының ұйытқысы, ер-азаматының ар-намысы, перзентінің ардақтысы болу – әйел бақыты. Бақыт айналаңызда оны алыстан іздемеңіз, тек бақытты болуға тырысыңыз.
ЛЯЙЛЯ СҰЛТАНҚЫЗЫ: Қазақ халқының салт дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды
-Сіздіңше «Әйел бақыты» деген не? Бақыттың анықтамасы бола ма? Отбасының ұйытқысы, ер-азаматының ар-намысы, перзентінің ардақтысы болу – әйел бақыты. Бақыт айналаңызда оны алыстан іздемеңіз, тек бақытты болуға тырысыңыз.
ЛЯЙЛЯ СҰЛТАНҚЫЗЫ: Қазақ халқының салт дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды
-Сіздіңше «Әйел бақыты» деген не? Бақыттың анықтамасы бола ма? Отбасының ұйытқысы, ер-азаматының ар-намысы, перзентінің ардақтысы болу – әйел бақыты. Бақыт айналаңызда оны алыстан іздемеңіз, тек бақытты болуға тырысыңыз.
07.09.2015, 07:24
Изменено: 12.04.2024, 05:13

-Сіздіңше «Әйел бақыты» деген не? Бақыттың анықтамасы бола ма?

Отбасының ұйытқысы, ер-азаматының ар-намысы, перзентінің ардақтысы болу – әйел бақыты. Бақыт айналаңызда оны алыстан іздемеңіз, тек бақытты болуға тырысыңыз. Ол үшін іздену, еңбек ету, талпыну керек. Өмірді, айналаңдағы адамдарды жақсы көре білуің керек.

Pandaland Image



-Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз? Балаларыңызды қалай тәрбиелейсіз?


Аяулы жарым, екі кішкентай бүлдіршінім бар. Аттары Сағадат және Сардар. Бар уақытымды балаларыма бөлуге тырысамын. Оларда үнемі мені іздеп отырады. Балалармен жиі серуендеп бірге кітап оқимыз, бірге ойын ойнаймыз. Немесе белгілі бір дүниені талқылаймыз. Мен олардың үнемі өз ойларын тыңдаймын. Сол арқылы әрекет жасаймын. Жақында инстаграм желісінде оқырмандарыма сауалнама жүргізген болатынмын. Яғни,  «Балаңыздың ұйықтар алдындағы әдеті қандай?» деген. Бір балалар анасының шашын сипап ұйықтайды екен, кей бірі білек сипайды, енді бірі жастық құщақтайды. мЕнің балаларым білек сипап ұйықтағанды жақсы көреді. Онсыз ұйықтамайды шынын айтсам.  Қатал анамын деп айта алмаймын. Бірақ қатты еркіндіккеде жібермеймін. Бос уақыттарының барлығын пайдалы өткізгенін қатты қадағалаймын. Сабақ одан бөлек қосымша сабақтары, шахмат, бассейн, футбол сияқты үйірмелерге қатыстырамын.


Pandaland Image


-Сіз отбасына, жұмысыңызға қалай үлгересіз?


Шынын айтқанда, бәріне үлгеруге болады. Барлық нәрсені жоспарлап, өз уақытында істейтін болсаң, ісің алға басады. Әрине,менің көмекшілерім бар,бірақ, өзімнің тікелей міндеттеріме жауапкершілікпен қараймын.Таңертең ерте тұру - мен үшін дағдыға айналған.Сондықтан болар, уақытым берекелі өтеді. Өз білімімді толықтырып тұруға және жаңлықтардан тыс қалмауға тырысамын. Менің ойымша, отбасындағы тыныштық, өзара түсіністік пен бірлік барлық жетістіктің бастауы. Осыны ешқашан естен шығармаймын. Менің осылай отбасына да, жұмысқа да үлгеріп жүруім әрине ол үйдегі жарымның арқасы.


Pandaland Image


-Орысша тәрбиленген бала мен қазақша тәрбиеленге баланың айырмашылығы бар ма? Қалай ойлайсыз?

Тәрбие тілге, ұлтқа бөлінбейді деп есептеймін. Бала отбасынын қандай тәрбие алса дәл сондай болып жетіледі. Сондық баламыздың тәрбиесі жақсы болғанын қаласақ бірінші өзімізді тәрбиелеу керек. Жалпы қазақ халқының салт дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегеннің бәрі де осы біздің салтымыздан. Мен балаларыма үнемі ертегілер оқытып мейлінше қазақи дәстүрге сіңдіріп өсіргім келеді.

-Кейбір қазақша өскен балалар әрдайым «көкелеріне» сенім артып турады. Танымал болу үшін ақшаң мен «ағаң» болу керек дегенді құптайсыз ба?

 Иә, қазіргі кезде осындай ұғым қалыптасқан. Мұны бір қоғамның дерті десек те болады. Алайда, «сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды» деген мақалды осы сұраққа толыққанды жауап ретінде алға тартамын. Ақшаң болса да, ағаң болса да өзіңнің ақылың, талабың болмаса, алға жылжи алмайсың. Себебі, қазір бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Бәрібір де, білімді адамдардың ұпайы басым тұратын заман. Ең бастысы, жас кезден бастап еңбекқор болу керек.

Pandaland Image


-Көпшілікті сіздің қалай артық салмақтан арылғаныңыз туралы білгісі келеді. Осы туралы айтып өтсеңіз? Қандай кеңіес берер едіңіз.

Иә, бұл сұрақ маған күнделікті қойылады десем артық етпейді.Мен толуға бейім адаммын. Тамақты артығырақ жеп қойсам болды тола бастаймын. Ең бірінші артық салмақтан арылу үшін мен дұрыс тамақтануға көштім. Жаттығу жасауға уақытым тапшы, дегенменде массаж  әр түрлі процедураларды алуға тырысамын. Мен қыз келіншектерге берер кеңесім ең бастысы дұрыс тамақтану. Содан кейін жиі қозғалу. Ауызды тыйсақ салмақтанда арылуға болады. 

Pandaland Image

- «Балапан» телеарнасында шетелдік киноөнімдер, соның ішінде анимациялық фильмдер қазақша сөйлей бастады. Осы орайда, отандық киноөнімдердің үлесін арттыру мақсатында не істеп жатырсыздар?

Aрнамыз бүгінде еліміздегі  жекелеген студиялармен де әріптестік байланыс орнaтып, олардың анимациялық өнімдерін көрсету құқығын сатып алуда. Мәселен, «Сақ» киностудиясынан «Түлкі және тасбақа», «Аңқау батыр», «Мақта қыз бен мысық», «Ала қоңыз», мультфильмдерін алып отырмыз. Сонымен қатар, «Балапан» телеарнасы көрермен назарына әлемдік анимациялық студиялардың озық кинотуындыларын ұсынуда. Бес жыл ішінде эфирімізден  1000-нан аса aнимациялық сериал мен  толықметражды мультфильм көрсетілді.  Бұл фильмдер мемлекеттік тілде дубляжданып, қазақ баласының танымына негізделіп экранға шықты. Мұның дәлелі, «Николодеон» кинокомпаниясының брендке айналған «Дара», «Диего, алға!», «Кәйлан» сынды мультхикаялары.  Сонымен қатар  әлемнің ең үздік кинокомпаниялары «Уолт Дисней» және «Сони Пикчерспен» келісімшарт жасастық.  Сұранысқа ие диснейлік 100 кинотуындыны қазақ бүлдіршіндеріне ана тілінде ұсынғалы отырмыз.  Оған қоса, «Сони Пикчерс», «Синемоушн», «Глобал Медиа Партнер»  кинокомпанияларымен келісімге келдік.  Демек, «Балапан» ұсынатын анимациялық фильмдердің сапасы арта түспек.

- Біздің сайтымыздың оқырмандарына берер қандай кеңесіңіз бар?

Пандаланд сайты жайында жиі естимін. Жұмыстағы қыз-келіншектерден де, таныстардан да әйелдерге, қыздарға арналған тақырыптары көп, пайдалы кеңестеріде аз емес деп. Оның барлығы да әрине шынайылықтың, қазіргі қоғамның нағыз проблемаларын қозғап жазылған блогтар деп білемін. Оқырмандарыңыз одан да көп болсын.  Біз әйелдер нәзіктігіміз бен, ақыл парасатымызбен барлық шешілмейтін мәселенің жауабын таба аламыз. Сондықтан, тек қана шыдамдылық пен сәттілік тілеймін. Әлемнің кілті әйелде екенін ұмытпауымыз керек.

Текст: Гульшат Атшыбаева

ЛЯЙЛЯ СУЛТАНКЫЗЫ: РЕБЕНОК, ВОСПИТАННЫЙ ПО КАЗАХСКИМ ТРАДИЦИЯМ, НЕ ВЫРАСТЕТ ПЛОХИМ ЧЕЛОВЕКОМ!

Menu
×