Отношения

Ер адамыңыздың көңілін табудың (немесе таппаудың) 5 амал-тәсілі

Мен Интернетті шарлап жүріп, «өз күйеуіңнің көңілін табудың жүз амал-тәсілі» секілді мақалаға ұшырасып қалдым. Мақаланы оқып шығып, менің құстай ұшып, әрекет ете бастағым келмеді, мен жай ғана балаларың бар болып отырған НАҚТЫ өміріңде мұның қа
Ер адамыңыздың көңілін табудың (немесе таппаудың) 5 амал-тәсілі
Мен Интернетті шарлап жүріп, «өз күйеуіңнің көңілін табудың жүз амал-тәсілі» секілді мақалаға ұшырасып қалдым. Мақаланы оқып шығып, менің құстай ұшып, әрекет ете бастағым келмеді, мен жай ғана балаларың бар болып отырған НАҚТЫ өміріңде мұның қа
Ер адамыңыздың көңілін табудың (немесе таппаудың) 5 амал-тәсілі
Мен Интернетті шарлап жүріп, «өз күйеуіңнің көңілін табудың жүз амал-тәсілі» секілді мақалаға ұшырасып қалдым. Мақаланы оқып шығып, менің құстай ұшып, әрекет ете бастағым келмеді, мен жай ғана балаларың бар болып отырған НАҚТЫ өміріңде мұның қа
09.07.2015, 15:19
Изменено: 23.04.2024, 07:25

Мен Интернетті шарлап жүріп, «өз күйеуіңнің көңілін табудың жүз амал-тәсілі» секілді мақалаға ұшырасып қалдым. Мақаланы оқып шығып, менің құстай ұшып, әрекет ете бастағым келмеді, мен жай ғана балаларың бар болып отырған НАҚТЫ өміріңде мұның қалай болып көрінерін көз алдыма елестеттім.  

№1 тәсіл: Күйеуіңізді жалғыз алжапқышпен және биік өкше туфлимен қарсы алыңыз

Шындығында не болады: Сіз балаларыңызды жылдам ұйқыға жатқызып, киіміңіз туралы ойлана бастайсыз. Өзіңіз тапқан жалғыз ғана алжапқыш: «Мен ескіріп жатқан жоқпын! Мен жай ғана маринадталып тұрмын!», - деп тұр. Бірақ, ол да жарай береді. Биік өкше туфлиді Сіз бірінші балаңыз туылғаннан бері кимегенсіз, сондықтан жалғыз алжапқыш киіп, шкафты қопара, қораптарды шығара бастайсыз, әрі осы тұста Сіздің 4 жасар балаңыз міндетті түрде оянып кетіп, Сізді көріп: “фуууу, мама! Мен сенің көтеніңді көріп отырмын!», - дейді. Ақыр соңында күйеуіңіз келіп, Сізді қолыңызда чипсідің пакетін ұстаған және аяғыңыздағы жалғыз туфлимен диванда ұйықтап жатқан қалпыңызда көреді.    

 

№2 тәсіл: Түскі ас кезінде оның жұмысына тек плащ және биік өкше туфлимен келіп, оған сюрприз жасап, оның кабинетінің есігін жауып қойыңыз.

Шындығында не болады: Сіздің бала күтушіңіз бен 78 жасар зейнеткер көрші әйеліңіз шілдеде ауа күйіп тұрған кезде неліктен үйіңізден детектив секілді шыққаныңызды еш түсінбейді. Одан кейін де балалар: «Менің де шпион секілді киінгім келеді!!!», - деп шулай бастайды. Одан кейін күйеуіңіздің жұмысында қызарып кетесіз, өйткені барша жұрт Сізге таң қала қарайды, одан әрі күйеуіңіз ештеме түсінбей аузын ашып қалады. Қысқасын айтқанда, қиын жағдайда қаласыз.

 

№3 тәсіл: Оған нәпсіні оятатын селфи жіберіңіз.

 

Шындығында не болады: Иә, нәпсі оятатын қалыппен эксперимент жасау үшін, балалар есікті тақылдатып, шыңғырып жатқанда ваннада жабылып алған сонша бір нәпсі оятатын жағдай емес. Нәтижесінде Сіз селфи жасап, оны күйеуіңізге жіберіп алғаннан кейін, фотода әлде кір жөргек, әлде кір тағы бір нәрсенің көрініп қалғанын түсінесіз.  

 

№4 тәсіл: Оның тізесіне отырып, оның құлағына: «Сен менің сайыпқыранымсың және армандаған еркегімсің”, - деп сыбырлаңыз.

Шындығында не болады: Сіз оның тізесіне отыруға тырысасыз, ал күйеуіңіз болса Сізге орын босату үшін, диванда әрі қарай    жылжи бастайды. Ақыр соңында сіз: «Мен сенің тізеңе отыруға әрекеттеніп жатырмын!!!», - дейсіз. Ал ол болса: «Неге? Біздің диванымыз үлкен ғой!», - деп  жауап қайырады. Кейін балаларыңыз жүгіріп келіп, сіздермен бірге жалп етіп отыра қалады да, Сіз күйеуіңіздің құлағына: «Сен менің сайыпқыранымсың және армандаған еркегімсің”, - деп сыбырлайсыз. Ол: “Не? Е, жарайды” деп жауап беріп, өзінің боевиктерін көруін жалғастырады.

 

№5 тәсіл: Оның сүйікті мейрамханасында үстелді резервке алып, кешкі салтанатты ас кезінде өзіңіздің трусик кимегеніңізді айтыңыз

Шындығында не болады: Оның жақсы көретін мейрамханасы? KFC? Кәуапхана?  Нәтижесінде Сіз мейрамхананы өзіңіз таңдап алып, салат кезінде: «Мен  трусик кимегенмін» дейсіз, ол Сіздің тісіңізге салат қыстырылып қалғандығын айтып: «сенде не, таза трусик бітіп қалған ба?» деп сұрайды.

Сіздер үйде өзіңіздің ұйқыға арналған трусигіңізді киіп, ұйқыға кету үшін, бір бір бокал шарап ішіп, үйге қайтасыздар.

Menu
×