Личный опыт

Қазақстанда декреттік жәрдемақыны қалай алуға болады. Менің тәжірибем (инфографика)

Денеңді эмоциялар кернеп кеткен кезде, өзіңді қолға алып, байсалды болу және миды іске қосу (маңызды болса да) өте қиын. Менің шегіне жеткенше жұмыс істеуіме орай (демалысқа қарын шығудың жетінші айы басталысымен жібереді), ол кезеңде мен әлі
Қазақстанда декреттік жәрдемақыны қалай алуға болады. Менің тәжірибем (инфографика)
Денеңді эмоциялар кернеп кеткен кезде, өзіңді қолға алып, байсалды болу және миды іске қосу (маңызды болса да) өте қиын. Менің шегіне жеткенше жұмыс істеуіме орай (демалысқа қарын шығудың жетінші айы басталысымен жібереді), ол кезеңде мен әлі
Қазақстанда декреттік жәрдемақыны қалай алуға болады. Менің тәжірибем (инфографика)
Денеңді эмоциялар кернеп кеткен кезде, өзіңді қолға алып, байсалды болу және миды іске қосу (маңызды болса да) өте қиын. Менің шегіне жеткенше жұмыс істеуіме орай (демалысқа қарын шығудың жетінші айы басталысымен жібереді), ол кезеңде мен әлі
11.09.2015, 14:46
Изменено: 19.04.2024, 14:42

Денеңді эмоциялар кернеп кеткен кезде, өзіңді қолға алып, байсалды болу және миды іске қосу (маңызды болса да) өте қиын. Менің шегіне жеткенше жұмыс істеуіме орай (демалысқа қарын шығудың жетінші айы басталысымен жібереді), ол кезеңде мен әлі де ойланып түсіне алатынмын және белгілі бір күрделі манипуляцияларды жасай алатынмын. Кеңседен түпкілікті үйіңе көше отырып, автоматты түрде үйдегі адам болып шығасың: пижамада, кебісте және бетіңе қияр жапсырып жүресің. Бәлкім, қиярмен аздап көп сілтеп жіберген де болармын, бірақ, істің мәнісі мұнда емес. Кәнеки, бетіңізге «қияр жапсырып» болсын, әлде оларсыз болсын, үйде немесе жұмыста болсын, электронды үкіметтің порталына кіріңіз. Өзінің көпшілік бөлігінде мұнда осыларға назар аударған жөн болатын басты сәттер бар:

Декреттік демалыс кезеңі қаншаға созылады – төленетін кезең 1 жыл, ал қаласаңыз – Сіз 3 жыл да отыра аласыз. Бірақ, біздің белсенді қыздарымыз, әсіресе жандарында аналары мен бала күтушілері бар болса, декретте сирек жағдайда осыншама ұзақ отырады.

Жәрдемақы, ал дәлірек алғанда жәрдемақылар алу үшін қандай құжаттар қажет – міндетті түрде жеке бас куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі, туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, табыс туралы анықтама қажет.

Бүкіл кезең үшін Сізге (егер Сіз ресми жұмыс істеген болсаңыз) қанша ақша есептелетіндігін қалай есептеп шығуға болады.

Есептеулерге, олардың қалай және қандай принцип бойынша жүргізілетіндігіне келетін болсақ, инфографиканы қараңыз. Суреттерде заңнан ең маңызды тұстар баяндалған.  Декреттік жәрдемақылар мен оларды алу реті жайында толық мәтінді мына жерден көруіңізге болады.

Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір жолғы жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтін әйелдер үшін де) – мөлшері белгіленген жәрдемақы.

Кімге тағайындалады. Бұл жәрдемақы барлық бала туған әйелдерге: жұмыс істейтін әйелдер үшін де, жұмыс істемейтін әйелдер үшін де мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Баланың туылуына жәрдемақының мөлшерін қалай есептеп шығаруға болады. Баланың туылуына жәрдемақының мөлшері белгіленген, бірінші, екінші және үшінші балаға - 30 айлық есептеу көрсеткішін (АЕК) (55 560 теңге) және төртінші, бесінші, алтыншы және т.с. балаларға - 50 АЕК (92 600 теңге) құрайды.

Бала бірге толғаншы оны күту бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін)

Кімге тағайындалады. Мміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылмайтын, баланы күтуді жүргізетін жұмыс істемейтін әйелдерге және ер адамдарға.

Бала бірге толғаншы оны күту бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін қалай есептеп шығаруға болады. Бала бірге толғаншы оны күту бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері жұмыс істемейтін әйелдер үшін белгіленген және:

бірінші балаға – 5,5 АЕК (10 186 теңге);

екінші балаға – 6,5 АЕК (12 038 теңге);

үшінші балаға – 7,5 АЕК (13 890 теңге);

төртінші және одан көп балаға – 8,5 АЕК (15 742 теңге) құрайды.

Бала бірге толғаншы оны күту бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін).

Төлемдердің мөлшерін есептеп шығару үшін, соңғы 2 жылдағы жалпы табысты (бұл әлеуметтік ақша аударулармен расталады) 24 айға бөлу, одан кейін 0,4-ке көбейту және зейнетақы жарналарының 10%-ын алып тастау керек.

Pandaland Image
 

Табыстан айырылуға байланысты жүктілік пен босану бойынша бір жолғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін).

10 минималды жалақыдан (МЖ) төмен

150 000*4,2-10%= 567 000 теңге – төлемнің қорытынды мөлшері.

Егер әйел жарты жыл бойына 110 000 теңге мөлшерде ай сайынғы табыс, ал келесі жарты жылда -  140 000 теңге табыс тауып отырса, 126 күнтізбелік күнге толық мөлшерде жүктілік пен босану бойынша демалыс алады. Табыстың орташа айлық мөлшері де 6*110 000+6*140 000 000 тең болады.

Төлемнің мөлшерін есептеп шығарайық:

125 000*4,2-10% = 472 500 теңге.

Pandaland Image
 

 

10 минималды жалақыдан (МЖ) жоғары

186 600*4,2-10% 348 теңге

705 348 теңге – әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін әйелдерге кепілдік берілген әлеуметтік төлемнің мөлшері.

Егер де жеке еңбек шартымен жүктілік пен босану бойынша төлем қарастырылған болса, қалған бөлігін жұмыс беруші төлейді.

Бұл жағдайда мынаны аламыз:

250 000*4,2 -10% = 945 000 теңге. Мемлекет төлейтін максималды көрсеткішті алып тастаймыз, яғни 945 000- 705 652 теңгені еңбек шартында уағдаластық бар болған кезде жұмыс беруші төлейді.

Pandaland Image
 

№ 1. Идея бойынша, Сіз босанғанға дейінгі жәрдемақыны кейін де аласыз. Бірақ, егер Сізде «шыдап тұрса», жәрдемақыға бала туғаннан кейін барғаныңыз жөн. МЗТО-ның (Сіз декреттік жәрдемақыларды толтыратын орын – мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы) қызметкерлері, әрине, «бұрын қайда болдың?» деген тәріздес өздерінің «наздарын» айтады. Бірақ, бұған назар аудармаңыз. Кезекте екі рет тұрғанға қарағанда, бір рет тұрған жақсы емес пе, келісесіз ғой? Бірақ, тым созып жібермеңіз. Ақшаңызды алу міндетін екі ай ішінде атқарып тастауға тырысып бағыңыз. Олай болмаған күнде айыппұлдар немесе басқа да қиындықтар пайда болып қалуы мүмкін, бұл Сізге керек пе?

№ 2. Зырылдап жүгіруге дайын болыңыз. Жай ғана, Сіз egov.kz сайтында көрсетілген құжаттардың барлығын алып келсеңіз де, Сізді арлы-берлі шапқылатады деп, осыған іштей дайын болыңыз. Кей кездері оларға үнемі бірдеме жетіспей жатады. Бірақ, кейде жолыңыз болып та қалуы мүмкін. Әрі, сайттан өтініштерді басып шығарумен басыңызды ауыртпаңыз. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының әр ауданының өз варианты бар (мен де бұған жағамды ұстап, таң қалдым!).

№ 3. Құжаттардың тізімін тағы бір рет оқып шығыңыз. Әр жәрдемақыға өз тізімі бар, бірақ көбінесе онда бір-екі пункт өзгереді. Егер Сіз жұмыс істеген болсаңыз, онда жұмыс орнынан жалақы – Сіздің соңғы жыл ішіндегі барлық жалақыңыз  және ақша аударуларыңыз туралы анықтама қажет болады.  Бірақ, бұл жерде шағын пункт бар: Сіз сөзсіз демалыс алған боларсыз (төленетін бе, төленбейтін де демалыс екендігі маңызды емес, бәрібір бұл айда жалақы болған жоқ), міндетті түрде бұйрықты немесе оның қолы қойылған, бастықтың атына жазылған өтінішті алыңыз. Жалпы айтқанда, бухгалтерден жалақы торында демалыстың бар екендігі туралы қағаз алыңыз. Алда-жалда керек болып қалуы мүмкін ғой. Арлы-берлі қайта-қайта шапқылай бермеу үшін.

№ 4. Егер Сіздің жұмыс берушіңіз немесе бухгалтеріңіз қырсыз, жалқау жан болса, онда мен Сізді жан-тәніммен есіркеймін, өйткені кей кездері Сіздің пайыздарыңызды әдеттен тыс ережелер бойынша есептейтін қызық адамдар кездесіп отырады. Бірақ, қатты түңіле бермеңіз – Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Сіздің ақша аударуларыңыз бойынша өз мәліметтер базасы бар, олар осылар бойынша салыстырып тексереді. Егер сәйкессіздіктер болса, жай ғана олардан үлгіні (бос кестелері бар парақ) сұраңыз да, сәйкессіздіктер болмауы үшін, үлгіні Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының базасы бойынша қолмен толтырыңыз. Әрі сол кезде Сізге кеңсеңізге барып, ашулы кезіңізде бастыққа ол туралы өзіңіздің не ойлайтындығыңызды айтып салуға тура келмейді.

№ 5. Егер Сіздің немесе жұбайыңыздың жеке бас куәлігі жаңа үлгіде жасалған болса, ал Сіздің үйіңізде оған арналған карт-ридер бар болса – Сізде электронды сандық қол (оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады) бар болған жағдайда, мекен-жай анықтамасын Сіз дәл сол egov бойынша ала аласыз. Маңызды сәт: Сіздің некеңіз ресми түрде АХАТ (ЗАГС) бөлімінде қиылуға тиіс. Мекен-жай анықтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу кей кездері шаршатып жібереді. Бірақ, егер жоғарыда көрсетілген құралдар болмаса, қағаз алу үшін өзіңізге кезекте тұруға тура келеді.

№ 6. Халық банкінен карточканы Сіз әзірге еркін қозғалуға уақыт пен мүмкіндік бар болып отырғанда, босанғанға дейін ала аласыз. Сіздің оны банктің кез келген бөлімшесінен алуыңызға болады. Жеке бас куәлігіңізді алып, менеджерге келесіз, декреттік жәрдемақыларға карточка ашу керектігін айтасыз. Сізге қол қоюға төрт парақ қағаз береді, оқып шығып, қолтаңбаларыңызды қоясыз. Олар өтініш жібереді. Үш жұмыс күнінен кейін дәл сол банктен 20 мәнді номер аласыз, ал бір айдан кейін, әлде менеджер Сізге айтқан күннен кейін карточканың өзін алып кетесіз..

Әрі есте сақтаңыз, мен осында жазғанның барлығы – бұл мен бастан өткергеннің барлығы. Сізде басқаша болуы мүмкін. Бірақ, бір жерде бір нәрсе сәйкес келе кетуі де ықтимал. Сізге сәттілік тілеймін және Сізде бәрі де кезексіз, әрі жылдам болсын!

Pandaland Image
 
Pandaland Image
 

 

Menu
×